Усть-Каменогорск
малооблачно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +5°
  • Актобе
    +7°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +4°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Балалы үй - базар

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы НЗМ ұстаздары мен қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күні мерекесін Бөбек үйінде бүлдіршіндермен бірлесе атап өтті

"Сүреңсіз өтуде жаз, өтуде күз. Жалғанда өлім бар да - жетімдер бар" дегендей, мектеп ұжымы, оқушылары қандай мереке, шаттыққа себеп болса да бүлдіршіндер үйін ұмытпақ емес. Ел Егемендігіне 28 жыл толғанда торқалы той болмаса да, толыққанды тәбәрік жасауға себеп әрқашан табылады.

Бала – адамның бауыр еті. Тәуелсіз ұрпақтың әрбір бүлдіршіні бақытқа лайық деген желеумен мектеп өкілдері бөбектер мен тәрбиеленушілерге арнап концерттік бағдарламасын ұсынды. Күмбірлеген домбыра да, ұлтаралық қатынасты құрметтейтін попурри, Тәуелсіздікті жырлайтын патриоттық әндер айтылды. Көңіл көтерер бағдарлама аясында балалармен белсенді қимыл-қозғалыс та ұйымдастырылды.
- Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының осында мерекелік көңіл күй сыйлағандарына үлкен алғысымызды айтамыз. Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесінің 28 жылдығы қарсаңында бұл мектеп ұжымы өздерінің тек қана білікті маман, нағыз зияткер, ғалым емес өнер саласында да алғыр екендерін көрсетті. Бізге сыйлаған мерекелік көңіл күй барлығына ортақ болсын, - дейді мамандандырылған балалар үйінің директоры Гүлнар Даниярова
Мерекелік шара соңында Назарбаев мектебінің ұстаздары балаларға дайындаған арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Следующая →