Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Оралхан Бөкей үйінде" әлем әдебиетшілері бас қосатын болады

Келер жылдан бастап Катонқарағайдағы Оралхан Бөкейдің туған үйі әлемдік әдеби орталық болмақ

Нақтырақ айтсақ, жазушының қара шаңырағы "Оралхан Бөкей үйі" деп аталып, әлем әдебиетшілері бас қосатын орталыққа айналады. Бұл жаңалықты жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы айтты.

Осыған дейін Катонқарағайдағы Оралхан Бөкей тұрған үйдің қаңырап бос қалғаны, тіпті, есігі құлыптаулы тұрғаны қаламгерлер тараптынан көп айтылған болатын. "Туысқандары аудандық әкімдікке де бермей қойыпты" деген сияқты алып-қашпа сөздер де айтылып жүрді. Алдағы уақытта бұл іске нүкте қойылып, үй үлкен орталыққа айналмақ.

- Ата-бабамыздың салты бойынша шаңыраққа үйдің кенжесі ие болып қалу керек. Сондықтан да біздің қара шаңырақты маған аманаттап кетті. Шаңырақтың киесі мен иесі бар деп еді, ағам. Оралхан ағам мына үйді мен де, шешем де саған тапсырамыз деді. Шешем маған жылына бір рет келіп асыңды берерсің, болмаса, жеті шелпегіңді пісірерсің деді. Еш уақытта үйдің кілтін бөтен адамға берме деді. Мен аманатқа қиянат жасамай орындап келем, - дейді Ғалия Бөкейқызы.

Ғалия Бөкейқызының айтуынша, біраз жыл бұрын аудан әкімшілігі мұражай болдырамыз деп үйдің ішіне сәл ғана жөндеу жұмыстарын жасаған. Ал сыртына тақтайша мен ескерткіш орнатқан. Ескерткішті жыл сайын қара маймен майлап отыратынын айтқан Ғалия Бөкейқызы ол гипстен жасалған дейді. Шаңырақ иесінің жүрдім-бардым жасалған іске көңілі толмайтыны байқалады.

Енді ғана құрылып жатқан "Оралхан Бөкей үйі" атты халықаралық қордың атқаратын ісі ауқымды болмақ. Жобада қаламгерлер бас қосатын орталық пен музей болатыны жоспарланған. Сонымен қатар, жазушының барлық шығармашылығына қатысты дүниелер, әке-шешесінің тұтынған заттарын топтастыруды жоспарлаған. Жазушының туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін тұтынған дүниелерінің барлығы жинақталмақ.

Аты әйгілі жазушының Алтайдағы шығармашылық ғұмыр жолын іздеп келушілердің көп болары анық. Өйткені жазушының ең алғашқы һәм ең соңғы шығармасы да туған ауылында, қара шаңырығанда қаламынан қағаз бетіне өрілген. Ол "Атаукере" романы болатын. Көрікті мекенде туған көрінекті қаламгердің ауылында көрсетер мұра да, айтылар естелік те көп. Жоба уақытында жүзеге асатын болса, әдеби туризмнің әлеуеті артары анық.

Следующая →