Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қорадағы малыңызды сақтандырдыңыз ба?

2020 жылдан бастап өсімдік және мал шаруашылығы салаларында міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүзеге асырылады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздегі міндетті сақтандыру жүйесі осыдан 15 жыл бұрын "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" заңымен енгізілген болатын. Аталмыш заң ауыл шаруаларына егіс алқаптарын сақтауға және жойылған жағдайларда шығындарды өтеуге бағытталған еді. Алайда бұл жүйе ауыл шаруаларын сақтандыру жағдайларының ең төменгі өндірістік шығындарын өтей алмай, іс-жүзінде өзіне жүктелген міндеттерді толық орындай алмады. Сондықтан жаңа Заңнама бойынша, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңы өз күшін жояды және өсімдік пен мал шаруашылығы салаларында міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүзеге асырылады.

- Қабылданған сақтандырудың жаңа жүйесі ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдаудың нақтылы бағыттарын айқындап отыр. Атап айтқанда, министрлік енді сақтандыруды субсидиялаудың орнына сақтандыру полистерін алуды субсидиялау жүйесін енгізді. Бұл фермерлерлердің шығындарын азайтып, сақтандыру жүйесі мен сақтандыру қаржыларын алу жүйесін ашық етеді. Сондай-ақ, министрлік фермерлерге екінші деңгейлі банктерден несиелер алу барысында сақтандыру полистерін кепілдік ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін нормаларды қарастырып отыр, - дейді баспасөз қызметінде.

Құжатта ауыл шаруашылық саласы өкілдерін қолдау мақсатында бірнеше нақтылы шаралар қарастырылып, шаруалар үшін міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүйесі енгізіліп отыр.

Айта кету керек, ерікті сақтандырудың жаңа жүйесі электрондық платформада жұмыс істейтін болады. Сақтандыру келісім-шарттарын жасау, субсидиялау, сақтандыру жағдайының орын алуы фактілерін анықтау және сақтандыру төлемдерін төлеу ақпараттық жүйе арқылы жүргізілетін болады. Бұл тәуекелдерді басқарудың ашық жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Следующая →