Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Арзан әуетасымалы Өскеменге қашан келеді?

Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары арасында әуетасымалы үлкен сұранысқа ие. Осы себепті билік басындағылар төмен бағалы тасымалдың қажеті жоқ деп санайды

Осы жылдың мамыр айында Fly Arystan бюджеттік авиакомпаниясы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Орал және Семей сияқты ірі қалаларына рейстерін аша бастады.

Ал 13 желтоқсаннан бастап Семей қаласынан енді Алматыға арзан бағаға ұшып келуге болатыны белгілі болды. Рейстер күн сайын, күніне бір рет Airbus A320 әуе кемесі тасымалдайды. Ұшу ұзақтығы 1 сағат 30 минутты құрайды. Билеттер 5999 теңгеден басталады.

Өкінішке орай, бюджетік арзан авиа-компания Өскеменнен рейс ашуды жоспарламаған. облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов түсіндіргендей, облыс орталығында әуе қатынасы үлкен сұранысқа ие. Демек, өскемендіктерге арзан бағадағы әуе рейсі қажет емес дегенді білдіре ме?

- Әзірге Өскемен бұл жоспарға кірмейді. Қазір Air Astana әуекомпаниясы тасымалды сәтті ұйымдастырып жүр, - деп түсіндірді Нұржан Жұмаділов. - Біз министрлікке хат жібердік, алайда ұсыныстан бас тартты. Олардың өзіндік жоспарлары бар екен. 2022 жылға қарай Fly Arystan компаниясы 15 ұшақ сатып алуды жоспарлап отыр.


Следующая →