Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде географиялық алаң ашылды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде географиялық алаң ашылды

Енді оқушылар оқулықтан алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдай алады. Яғни, метеорологиялық құрылғылармен таныса отырып, жергілікті уақытты ғана емес, табиғи құбылыстарды да бақылайтын болады.

- Біз бұрын метеорология тақырыбы бойынша сабақ өткен кезде қала сыртындағы метеостанцияға баратынбыз. Бұл әрине уақытты қажет етеді. Сондықтан да балалардың күнделікті сабақта өткен тақырыптарын бекіту, пәннен алған көкжиек туралы түсініктерін нақты тұрған жерінде анықтай білу, өлшем бірліктерін жүргізу, алған дағдыларын қалыптастыру үшін осы алаңды аштық, - дейді мектебіміздің география пәні мұғалімі Шәрипа Таласбаева.

Географиялық алаң - оқу жоспарындағы физикалық география бойынша бақылау және тәжірибелік сабақтар өткізу үшін арнайы жабдықталған. Ондағы жұмысты ұйымдастыру мұғалімнің жұмысын жандандыруға, кітаппен шектеліп қалмауға, бейнелеу және өзіндік жұмыстардың әдістерін кеңінен қолдануға көмектеседі. Заманауи үлгіде жабдықталған алаңда, тіпті, метеорологиялық күрке де орнатылған. Оның ішінде гигрометр, термометр сынды құрылғыларымен қатар түрлі қондырғылар бар.

- Алаңның ұзындығы 22 метр, ені 12 метр болады. Негізгі бағыты солтүстікке бағытталған. Ашық алаңда орналасуы керек. Яғни, біздегі метеорологиялық құбылыстардың көрсеткіштерін нақты алу мақсатында осындай жерді таңдап алдық, - дейді мектеп ұстазы Есжан Асылбек.

Аталмыш жоба 2017 жылы қолға алынған. Ұстаздар оның негізгі техникалық құжатын интернет-ресурстарға жүгіне отырып әзірлеген.

Айта кетейік, географиялық алаң жыл бойы жұмыс істейді. Мұнда 7-сыныптан 12 сыныпқа дейінгі пәндік тақырыптар қамтылған. Тәжірибелік сабақтардың басым көпшілігі атмосфера тарауына арналады. Оқушылардың білім деңгейін жан-жақты көтеру мақсатында, алдағы жылы географиялық алаң қосымша қажетті қондырғылармен жабдықталады деп жоспарлануда.


Следующая →