Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Емханада өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды

Өскемен қаласының емханаларында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалының және Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Өскемен қаласының үш емханасында өзіне-өзі қызмет көрсетудің үш бөлімі ашылды. Онда сіз мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ала аласыз.

- Емханалардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы азаматтардың ыңғайлылығы үшін ашылды, олар мұнда электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелген жағдайда, сол жерде емханаларға өздігінен тіркеле алатын болады, - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" облыстық филиалы директорының орынбасары Әсел Мамажанова.

Мекеме ұсынған ақпараттарға сүйенсек, облыс орталығының тұрғындары электрондық қызметке жиі жүгінеді екен. Жыл басынан бері мемлекеттік корпорацияның филиалы 770 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның ішінде өз бетінше өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы өскемендіктер 425 мыңнан астам қызмет алған. Қаланың 375 мың тұрғыны ЭЦҚ алса, 476 мың тұрғыны үйден шықпай қызмет алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының мекенжайы:

  •  № 1 қалалық емхана Өскемен қ., Әуезов к-сі, 18
  •  № 2 қалалық емхана Өскемен қаласы, Буров көшесі, 61
  •  Меновное ауылдық дәрігерлік амбулаториясы.

Следующая →