Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Құжат жинау жеңілдеді

Қазіргі уақытта үй салу үшін жеке құжаттар мен жобалық-конструкторлық құжаттарыңыз болса жеткілікті

Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Мұратқан Сағатов қолданысқа еңген жеңілдіктерді атап өтті.

Халық осы уақытқа дейін үй салу үшін көптеген кедергілерге жолықты: жобалық-сметалық құжат әзірлеуге, бас мердігермен келісім шарт жасауға, авторлық және техникалық қадағалау жасатуға міндетті еді. Сондай-ақ, МСҚБ-ға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жіберіп, содан кейін үй құрылысына кірісетін.

Қала тұрғындары құрылыс жұмыстары аяқталған тұрғын үйді пайдалануға берер уақыттың өзінде көптеген құжат жинауға мәжбүр. Үй иесі 6-8 ай уақытты тек құжат жинаумен өткізетін. Үй салған адам құрылысты уақтылы пайдалануға бере алмай қиындық көреді.

Бұдан кейін заңнамаларға қосылған жаңа өзгерістерден соң, екі қабаттан аспайтын тұрғын үйлердің иелері үшін ХҚКО-ға жер учаскесін, ғимараттың кескіні мен меншік құқығын растайтын құжаттарды тапсырса жеткілікті.

- Енді жеке тұрғын үй салу мәселесі айтарлықтай оңтайландырылды. Egov.kz порталы арқылы құрылыс жобасын (сәулеттік-жоспарлау шешімі және техникалық шарттары) әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу жеткілікті: құрылыстың жобасын әзірлеу және келісу (жеке компаниялар жүзеге асырады), үй салу, оны Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеп, пайдалана беріңіз, - деп түсіндірді Мұратқан Сағатов.


Следующая →