Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -10°
  • Актобе
    -5°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -13°
  • Костанай
    -12°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Алғашқы қар жауғанда дәріленеді

Тек биыл ғана Күршім ауданында маса-шіркейді жою үшін 10 млн тенге бөлініп, жұмыстар қолға алына бастады

Ал мамандар бөлінген қаржыны толықтай игеру үшін алғашқы қардың түсуін күтіп отыр.

- Кеңес одағы ыдырап, еліміз егемендік алғаннан бергі кезенде бірде бір рет Ертіс бойында орналасқан ауылдар маңында қансорғыш жәндіктерді жою мақсатында іс-шаралар жүргізілмеген еді. Биыл бірінші рет осындай жұмыстар жасалды. Енді нәтижесі бір күнде болып кетпейді. Сондықтан әлі де ол жұмыстарды біз жалғастыруымыз керек. Бірақ атқарылған жұмыстар нәтіжесінде маса біраз болсын, азайды деп айта алмын. Ал шіркей биыл мүлде болған жоқ деп айтуға болады, - дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

"Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" бағдарламасы аясында биыл Күршім ауданына облыстық бюджеттен 10 млн теңге қаражат бөлініп, ауданның маса мен шіркейге толы Боран, Қалжыр және Марқакөл ауылдық округтерінде дәрілеу жұмыстары атқарылған еді. Себебі жаз шықса, Күршім ауданының аталмыш ауыл тұрғындарына шыбын-шіркей маза бермейді. Тұрғындар қансорғыштардан қорғану үшін денеге арнайы май жағып, тіпті, көшеде бет-аузын тұмшалап жүруге мәжбүр.

- Масалармен күрес жұмыстары 4 рет қайталанып жасалады. Бүгінгі күні 3 рет кішігірім шалшықтар мен су тоғандарының айналасы түгелдей дерлік арнаулы препараттармен дәріленді. Соңғы дәрілеу алғашқы қар жауған уақытта жасалады, - дейді әкім.


Следующая →