Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сценариі иранды, тілі қазақты ренжіткен "Томирис"

Тарихы мен тағдыры аңыз болған Тұмар патшайым туралы деректер әлем мойындаған әйгілі ғалым Геродоттың жазбалары арқылы бүгінге жетті

Тұран даласына шабуыл жасаған парсы патшасы ІІ Кирге қарсы шыққан Тұмар туралы кино жарыққа шыққалы талас пен тартыс көбейді. Жаз айында түсірілім үстінде шыққан трейлеріне ирандықтар ренішін білдіріп, жазба қалдырыпты. Фильмнің режиссері пікірге төмендегідей жауап беріпті.

- Достар, "Томирис" фильмінің трейлері шыққан соң, маған Иран азаматтары пікір жаза бастады. Олардың ойынша, біз тарихты бұрмалап жатыр екенбіз, Геродот Томирис патшайымның парсы патшасы Кирге қарсы күресін ойдан шығарған... "Томирис" фильміне сценарий жазарда авторлар бүкіл әлем мойындаған Геродот еңбектеріне сүйенді. Бұл фильммен ешкімнің қытығына тигіміз келмейді, себебі біз шығармашылық киноны қалаймыз, - деп жазған Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында.

Бұл Әлия Назарбаева жазған кино сценариіне қатысты наразылық. Ал тарихтың тамырына терең бойлаған қазақ ғалымы Таласбек Әсемқұловтың "Тұмар падиша" атты 81 эпизодтық кино сценариі де бар екенін ел білгені жөн.

Фильм қазіргі таңда көрерменге жол тартты. Алайда алғашында орыс тілінде көрсетілген фильмге көрермен қауым наразылығын білдірді. Көпшіліктің пікірі ескеріліп, көп ұзамай фильмнің қазақша нұсқасы да көрсетілетііні айтылды.


Следующая →