Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бүлдіршіндер Абай өлеңдерін оқудан сайысқа түсті

Балабақша бүлдіршіндері Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауына қатысып, ел ішін аралаған эстафетаны қабыл алды

"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бастамасымен өткен "Абай өлеңдері - өшпес мұра" атты облыстық мәнерлеп оқу сайысы ақынның алдағы 175 жылдық тойына орай ұйымдастырылыпты. Байқауға орыс тілінде білім беретін мекемелердің 4-5 жас аралығындағы балалары қатысты.

Бүлдіршіндер арасында ұйымдастырылған бұл байқау эстафета негізінен бастау алған. Сексеннің сеңігіріне шыққан Манатай Толғанбаев қария қара өлең эстафетасын жалғастырыпты.

- Қазақ халқының мақтанышы Абай атамыздың үлкен тойы келе жатыр. Абай атамыздың шығармашылығы ешқашан ұмытылмайды. Өйткені Абай - адамзаттың жыршысы. Бүгінгі таңда Абайды әлем оқып жатыр. Мен Абай өлеңдерін оқу эстафетасын "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановқа жолдаймын, - деді бейнесәлем жолдаған Манатай Толғанбаев қария.

Әлем халқын шарлап, ел ішін аралаған Абай өлеңдерін оқу эстафетасын "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтан бүлдіршіндер қабыл алды. Ол "Әсемпаз болма әр неге" өлеңімен эстафетаны ары қарай жалғапты.

Осылайша Абай өлеңдерін оқу эстафетасы мәнерлеп оқу сайысымен бір арнада тоғысты. Сайысқа қатысқан бүлдіршіндердің барлығы да сақадай сай дайындалып келіпті. Жаттап алғандарын жанын сала жаңылмай оқып шыққандар да, мәнерлеп мәнді етіп оқығандар мен көңілге тоқығандар да бар екен. Нәтижесінде Матвей Пономоренко 3-орын, Милана Грищенко 2-орын, Яна Иващенко 1-орынды иеленді. Басқасынан басым түскен Арина Гуляева бас жүлдені жеңіп алды. Бағы мен бабы қатар шапқан бүлдіршіндер жүлделі орындарды иеленіп, заттай сыйлықпен марапатталды.

Следующая →