Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсанда келер жылы жаңа мектеп бой көтереді

Зайсан қаласында келер жылы 300 оқушының білім алуына мүмкіндік беретін мектеп салынбақ

Бұл туралы Зайсан ауданы әкімі Серік Ақтанов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Зайсан ауданында құрылыс жұмысы қарқынды. Мәселен, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қалада жалпы құны 303 млн теңге болатын 30 пәтерлі тұрғын үй құрылысы биыл мамыр

айында басталған. Бүгінде бөлінген қаражаттың жартысы игеріліп бітті. Сондай-ақ, одан бөлек тағы бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілі үшін салынбақ.

- 2019 жылдан бастап баланы 6 жасында мектепке беру міндеттелуіне және қала халқының жылдан жылға өсуіне байланысты жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, Зайсан қаласында 300 орындық мектеп салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, - деп атап өтті Зайсан ауданының әкімі Серік Қасымбекұлы.

Жаңа мектепті салуға қанша қаражат бөлінетіні әзірге белгісіз. Ал М. Дәуленов атындағы мектептің ескі ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 39,5 млн теңге бөлініп қойғаны белгілі.

Айта кетейік, 6358 оқушы білім алатын ауданның білім беру жүйесінде 27 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі, 1 спорт, 1 музыка, 1 жас техниктер стансасы, 1 жас натуралистер орталығы, 16 балабақша, 14 мектеп жанындағы шағын орталықтар және 1 техникалық колледж бар. Биыл ауданда облыстық бюджеттен 43,6 млн теңге бөлініп, 16 шағын жинақталған мектептерде IT-сыныптар ашылып, интерактивті панельдермен жабдықталған.

Следующая →