Усть-Каменогорск
ясно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Заманауи үлгідегі ұлттық ойын

Семейлік өнертапқыш Әлішер Мәулетов "Теңге ілу" ұлттық ойынын компьютерлік үлгіге сай әзірлеген

Облыстық тамыз конференциясы басталғанға дейін өңірдің әр түкпірінен келген "Digital East - болашаққа қадам" IT - форумы шеңберінде облыс әкімінің грантына үміткер Startup-жобалардың көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өздері құрастырған жобаларын келушілерге мүлтіксіз таныс-тырып жатты. Бұл көрмемен қатар өтіп жатқан World Skills халықаралық стандарты талаптарына сәйкес, "Мехатроника" бағытына арналған жабдықтар мен зертханалар көрмесі де келушілерге жол тартты.

Ал Семейдегі "Шәкәрім атындағы үш тілде білім беретін көпбейінді гимназияның" 11 "Б" сынып оқушысы Әлішер Мәулетов қалтарыс-бұлтарысы көп, амал-айлаға, ақылға құрылған, күрмеуі күрделі, қызықты әрі қазақтың ұлттық ойыны - "Теңге ілуді" компьютерлік ойынға айналдырған. Себебі қазіргі компьютерлік стратегиялық ойындар ұлттық ойын ауылынан алыс жатыр. Тіпті, интернетті ашып қалсаң болды, жан түршіктіретін жауыз-ойындар қаптап тұр. "GTA", "Мафия", "Counter Strike" дейсіз бе, бәрі де - жасөспірімнің санасын улап, басын айналдыруда. Осы тұста семейлік Әлішерге "Неге біз батыстың батпағына батуымыз керек?!" деген ой келген.

- Компьютерлік ойындар, шүкір, өзімізде де бар. Қазақылықтың иісі шығып тұратын ұлттық жобаларымыздың барлығы да біз үшін жасалынып жатыр ғой. "В контакте" әлеуметтік желісіндегі арнайы топта ойынның түсіндірме жұмыстары толық берілген. Мұнда ойыншы 1, 2, 5, 10 теңгелерді кедергілерден секіріп өтіп жинайды. Алдағы уақытта ойынды бұдан әрі қиындата түсемін, - дейді Әлішер Медетұлы.

Әлішердің айтуынша, жоба мектебіндегі информатика пәні мұғалімі Шынар Сұлтанованың жетекшілігімен бір жыл көлемінде дайындалған.

Следующая →