Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Құрбан айт - барша мұсылманның ұлық мейрамы

Мұсылман қауыны үшін мәртебесі биік діни мереке саналатын Құрбан айт - ұлық мейрам. 11 тамыз сол қасиетті мерекенің бірінші күн

Ал Өскемен өңірі бойынша барлық мешіттерде 11 тамыз күні таңғы сағат 7.00-де айт намазы оқылатынын облыстық "Халифа Алтай" мешітінің имамдары хабарлады. Сағат 7.30-дан облыстық "Халифа Алтай" мешітінің алдында қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік рухани-мәдени концерт, спорттық сайыстар өтпек.

- Құрбан (араб тілінде) - "жақындау" деген мағынаны береді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау" дегенге саяды. Құрбан шалудың да өзіндік шарттары бар: мұсылман болу, ақылды және балиғат жасына толу, Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы, негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы қажет. Сонымен қатар, мұсылман айт күндері мейлінше көтерінкі көңіл-күйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысады. Айт күндері адамдар бір бірлерін көшіргені жөн. Ауырып жатқан адамдардың көңілін сұрау керек және жетім-жесірлерге көмектесіп, сауапты амалдар жасау керек, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық "Халифа Алтай мешітінің" имамдары.

Имамдар құрбан шалу Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасатынын айтады. Арнайы өскемендіктер үшін қала іргесіндегі "Шығыс" ауылында құрбан шалу орны ұйымдастырылады. Ол жерде құрбан шалу 11 тамыз күні сағат 7.30-дан басталады. Құрбандыққа түйе, сиыр және қой (ешкі де) шалынады..

- Шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса құрбандыққа шалуға болады. Қой немесе ешкіні тек бір адам ғана шалады. Ал сиыр, түйені, яғни, ірі қараны бір адам шалады және жеті адам бірігіп шалса болады. Ал бір көзі соқыр, сойылатын жерге жете алмайтын арық мал, құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген, тістерінің көбі түсіп қалған, бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған болса, құрбандыққа шалынбайды, - дейді имам.

Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

Следующая →