Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тұғылдықтар тығырыққа тірелді

Балық шаруашылығымен айналысатын осы бір ауылдың 4 мыңдай тұрғыны бар. Бір кездері бұл жерде бірнеше кәсіпорын жұмыс істеп, кемежайдың дамуы үшін қанша кемелер мен жүк кемелері қатынап тұрған

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар балық өңдеу кәсіпорны, машина-трактор жөндеу шеберханасы, мұнай базасы, байланыс бөлімшесі жұмыс істеген. Алайда айрандай ұйып отырған бірнеше кәсіпорын бір мезетте жабылғанда, тұрғындардың құты қашып, жұмысшылар нанның қиқымындай әр тарапқа шашылып түскен.

Кеңес Үкіметінің "Бүкіл Одақтық екпінді құрылыс" деп аталатын бастамасының аясында жан-жақтан ағылып келген құрылысшылардың күшімен бұл жерде көрікті, қала типтес қоныс бой көтерген еді. Бұл елді мекен алғашқы кездері "Новостройка", кейіннен "Приозерный" деп аталып жүрді. Еліміз егемендік алған жылдары "Жаңа Тұғыл", "Тұғыл" деген атауларға ие болды. Өкініштісі, ескі елді мекеннің аты жаңа қонысқа телініп кеткендіктен, олардың өздеріне тән тарихы, байырғы географиялық орны бір-бірімен астасып кетті. Бұл жауапсыз қадам уақыт өте келер ұрпақтың өздері туып-өскен жер тарихын танып-білудегі танымын тежеп, тарихи санасын адастыруға әкелетіні сөзсіз.

"Алды Алтай, Сайхан, Сауыр - Зайсан көлі,

Сол көлдің тұмсығында Тұғыл тұрған.

Айнала қоршағандай көлден қорған.

Жиналып әр тараптан орыс, қазақ,

Үй салып, осы араны мекен қылған", - деп ақын жырының арқауы болған, су астында қалған Тұғыл тарихының тамыры тереңде жатыр. Хош, айтайын дегеніміз бұл емес... 

Жұмыссыздық жанды қинайды

Бұл елді мекенге ат басын бұрғандағы мақсат - тұғылдықтарды қандай мәселе толғандыратынын және ауылда "нелер" жетпейтінін білу. Белгілі болғандай, тұрғындарды жұмыссыздық мәселесі қинайды екен. Мұндағы адамдар мал ұстап, балық аулап күндерін бағады, алайда өнімдерін өткізетін жер жоқтың қасы. Иә, "Балық зауыты" ілініп-салынып жұмысын істеп тұр. Дегенмен онда бар-жоғы 15 адамға ғана жұмыс табылған. Сондықтан тұғылдықтар Зай-сан көлі арқылы жүретін кемелердің жұмысы бұрынғыдай жанданса деп армандайды. Себебі Тұғыл кеме тоқтауға қолайлы жерде орналасқандықтан, кезінде су жолы арқылы қатынайтын Ресей мен Қытайдың сауда кемелері аялдайтын ірі айлақтың бірі болған. Мұнда Ресейдің сол кездегі ірі бай саудагерлері - И. Плотниковтың "Сауда үйі", А. Корниловтың "Батыс Сібір серіктестігі" және "Волга қоғамдастығы" пароходтары Қытайдан Ертіс өзені бойымен Омбы, Томск, Нижний Новгород, Тюмень қалаларына қатынап тұрған. Бұл үрдіс Кеңес Үкіметі кезінде де жалғасын тапты. Облысымыздың шығысындағы оңтүстік аудандарға азық-түлік, қажетті өндірістік тауарлар Тұғыл арқылы жеткізілді. Ал бүгінде жергілікті кемежайда инфрақұрылымдардың барлығы сақталған деуге келмес, десе де, кран жұмыс істеп, 1600 тонналық жүкті көтеруге қауқарлы теплоход та жүріп тұр. Тек олардың қандай іске жарайтыны белгісіз.

- Мен үнемі көмірді жеткізуді ұйымдастыруда мемлекеттік сатып алу байқауына қатысамын, - дейді Тұғыл ауылындағы кемежай басшысы Бауыржан Сүлейменов. - Су арқылы көмірді жеткізу әлдеқайда арзанырақ болғанымен, үнемі тендерден өте алмай келемін. Ауылда КамАЗ көліктерімен жеткізілген көмірдің бағасы қыста 14-15 мың теңгені құрайды, ал теплоходпен әкелетін болсақ, 10 мың теңгеден көп болмайды. Тендер кезінде неге осы факторды ескермейтінін түсінбеймін.

Қазір Тұғыл кемежайының басшысы 4 күзетші мен бірнеше матросқа жұмыс беріп отыр. Егер кемежайдың ісі жанданып, жүктер жеткізілетін болса, тағы қосымша 50 адамды жұмысқа қабылдауға мүмкіндік тумақ.

- Темірбетон өндірісінің зауыты болған, Ол жерде 1500 адам жұмыспен қамтылған. Жапты, ту-талақайын шығарып бөлісті, біреулер "барлық құралдарды Алматыға алып кетті" дейді. Жұмыс жоқ, қаражатты қайдан табамыз? 30 жылда ауылда бір де бір жаңа үй салынбады. Жастар қашады, ауылда тұрғысы келмейді. Жастар тұрмақ, байырғы тұрғындардың өздері көшіп кетіп жатыр, - деген ауыл тұрғыны Төлеміт Төлеубаев ауылдастарының мұңын жеткізді.

Тұғылдықтар ауырмай ма?

Тұғылдағы аурухана кеңес дәуірінен бері үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Әбден қалыптасқан медицина мекемесі осы жолы жабылады дегенді естігенде жұрт шу ете түскен. Ауылдағы 4 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін аурухана оңтайланып, емхана (амбулатория) болып қала ма деп қауіптенеді. Аурухана жабылса, тұрғындарға емделу қиынға соқпақ.

- Міне, тағы бізден маза кетті. Дәрігерлер өздері шығып айтуға қорқады. Мүлдем жұмыссыз қалады ғой. Аудан орталығының өз тұрғындары да жетеді. Талай барып, босқа сандалып қайтып келгенбіз. Тұғыл - шағын ауыл емес. Қанша мың халық тұрады. Мүгедек балалар, жүрек талмасымен ауыратын жандар, қан қысымы жоғары адамдар бар. Ел болған соң неше түрлі адамдар болады. Біз ауыл тұрғындары аурухананың жабылуына қарсымыз. Ауылымызда аурухана бар ғой. Сол жерде керекті ем-дом қабылдап, ауруханамызға жатып ем алғанымыз дұрыс емес пе? Қаншама халықты әрі ауру адамды әрі-бері сандалтудың қажеті қанша? Шынымен ауылдағы 4 мыңға жуық халық қайда барады? Әлде тұғылдықтар ауырмай ма? - дейді ауыл тұрғыны Серік.

Бірақ 2009 жылы шыққан үкіметтің қаулысы бар. Соған орай халықтың санына байланысты бұл аурухана ауылдық учаскелік емхана болып қалуы мүмкін. Себебі елде "100 мектеп, 100 аурухана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "аурухана" деп аталған нысандардың көпшілігі шағын амбулатория түрінде салынып жатыр. Оның үстіне үкіметтің қаулысына сәйкес тұрғын саны 5 мыңнан аз кенттер мен ауылдардағы ауруханаларды емхана етіп оңтайландыру жүріп жатыр. Оған қоса таяуда ғана ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтардың медициналық көмекті дұрыс қолданбайтынын айтып, біраз халықтың ашуына тигені бар. Себебі Елжан Біртанов қазақстандықтардың қажет болмаса да, көп уақытын ауруханада өткізетінін айтып жүр.

- Өзге елдермен салыстырғанда мемлекетімізде адамдар аурухана көмегіне шектен тыс көп жүгінеді. Яғни, ауруханада жиі әрі ұзақ жататындар көп. Дәрігерге келіп қаралған соң, дәріні үйде немесе стационарда жатып қабылдауға болатын кездер болады, - деді Елжан Біртанов.

Ведомство басшысының айтуынша, медициналық мекемелерде тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс, жағдайы өте ауыр адамдар жатуы тиіс.

Аурухана жабылса, халықтың да жағдайы мәз болмасы анық. Оның бірнеше себебі де бар. Ең алдымен қанша адам жұмыссыз қалады. Екіншіден, тұрғындардың бәрінің бірдей орталықтағы ауруханаға барып қаралуына, жатуына жағдайы да келе қоймайды. Ауруханаға жатқан соң артыңнан іздеушінің барғаны қалыпты жағдай. Сондайда көлік мәселесі бар. Қарапайым халықтың бәрі бірдей көлік мініп, шалқып отырған жоқ. Оның үстіне Тұғыл ауылы аудан орталығы - Ақсуат ауылынан шығысқа қарай 110 км жерде орналасқан. Оған барудың ақысы 1000 теңге.

- Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 20 маусымдағы бұйрығы негізінде Тұғыл ауылдық ауруханасындағы 10 төсектік тәуліктік стационардың орнына (5 терапия, 5 балалар) 7 төсектік күндізгі стационар ашылу жоспарланып отыр. Штаты қысқартылған қызметкерлер толықтай жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Ауруханадағы 10 төсектік тәуліктік стационардың орнына ашылған 7 күндізгі стационарлық төсек Тұғыл ауылының тұрғындарына толықтай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ГОБМП) ешқандай өзгеріссіз медициналық көмек көрсететін болады, - деп сендірді Тарбағатай аудандық ауруханасының мамандары.

"Күніне бір-ақ рет таза су ішеміз"

Тұғылдықтардың қол күресі, жекпе-жектен әлемдік биіктерді бағындырып жүрген өз чемпиондары бар. Тек жастардың жаттығатын арнайы жері жоқтығы бүгінде қолбайлаулық болып отыр. Ауылға "келіп-кетіп" жүрген аудан әкімдерінің спорттық кешен салып береміз дегеніне 8 жылдың жүзі болған. Одан бері 2 әкім ауысты. Ал уәде сөз жүзінде. Нысан құрылысының мерізімін үнемі кейінге қалдырып отыратын көрінеді. Енді мұндай маңызды әлеуметтік нысанның қашан тұрғызылатыны ауыл тұрғындары үшін жұмбақ.

Кейінге қалдырылып келе жатқан нысан тек спорттық кешен ғана емес екен, орталық су құбыр желісі де бар. Мұнда күннің белгілі бір уаықтында ғана таза су келеді. Шілденің шіліңгір ыстығында да ауызсусыз қалған тұрғындар жауапты мекемелердің есігін тоздырғанымен еш нәтиже болмаған.

- Өткен жылдың күзінде су тартып береміз деп уәде еткен, - дейді ауыл тұрғындары. - Қазір жаз өте ыстық, бау-бақша суаратын су мүлде жоқ, ал ауызсуды күніне тек 2-3 сағат қана береді. Құдықтың қасына барсаң, кезек күтесің. Мұндай ыңғайсыздықтан қажыдық. Ағып келіп тұрған суды бізге жеткізуге қандай кедергі болып тұрғанын білмеймін. Қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Шығыста су жоқ деген мүлдем масқара, - дейді ауыл тұрғындары.

"Тасбақа" поштаның қызметі шаршатқан

Зейнетақы мен жәрдемақыны сарыла, сағына күтетін ауыл тұрғындарын да күпті қылған тағы бір мәселесі бар. Ол - "Қазпоштаның" тасбақа қызметі. Бұл туралы, тіпті, таяуда әлеуметтік желілерде бейнежазба таралып, ауыл тұрғындары жарыса пікір жазысқан еді. Біреуі "Тұғылдағы поштаға қуат көзі үшін төлеуге барғанмын. Менің кезегім келгенде оператор "түскі ас" деп, қабылдамай кетіп қалды" десе, біреуі "Маңдай тер, табан етпен тапқан ақшамызды алудың өзі қиынға соғып жүр. Пошта қызметкерлері бізді ғимарат ішіне кіргізбейді. Кіргізсе де, бес адам кіріп, сағаттап жоғалады. Кезекті далада, күннің астында күтеміз. Кейде, тіпті, зейнеткерлердің қан қысымы көтеріліп құлап жатады" деген.

Тұрғандарды шеттен тыс озбырлықтарымен әбден шаршатқан пошта қызметкерлері, бұл қылықтарын "аудан орталығы - Ақсуаттың тапсырмасы" деп түсіндіреді екен. Не болса да, "Қазпошта" акционерлік қоғамы ауыл тұрғындарынан кешірім сұрап, берілген ақпаратты тексеретіндерін және оған тиісті іс-шара қолданатындарын жеткізген.

Следующая →