Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Терезеден төнген қауіп

Балалардың терезеден құлау жағдайы жыл санап артып келеді. 2018 жылы терезеден 4 баланың құлау жағдайы тіркелсе, жыл басынан бері 8 бала құлаған, ішінде бір бала өлімі де тіркелді

- Құлаған балалар ауруханаға әртүрлі жағдайда жеткізіледі. Ең ауыр жағдайы әр түрлі ішкі ағза мүшелерінен қан кетуі және жыртылуы, жабық жарақаттар, бас миының шайқалуы, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Шарипова.

Терезеден құлаған балалардың ең кішісі - 1 жаста, үлкені - 15 жаста екен.

Балалардың терезеден құлау жағдайы әрине бірінші кезекте ата-ананың жауапкершілігінде.

- Бала терезеден құлаған жағдайда ата-ананы жауапқа тартпас бұрын тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталады. Егер ата-ана кінәлі екені анықталса, ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-тармағына сәйкес, абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырады немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады, - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Бүгінгі таңда баланың терезеден құлауының алдын алу үшін түрлі сақтық құралдары бар. Терезеге сақтық үшін қарапайым 1000 теңгелік магниттік сымдардан, 5000 теңгелік торларға дейін орнатуға болады.

- Баланың өмірі мен денсаулығы бәрінен де маңызды ғой. Қазір қаламыздың ЖМК ауданында үйлер жазық далада орналасқан. Ыстықта ата-аналар терезелерді ашып қояды. Пластик терезелерді баланың өзі де оңай ашып алады. Сондықтан сақтық торларын орнату өте маңызды, - дейді терезе орнату мекемесінің басшысы Антон Винф.


Следующая →