Усть-Каменогорск
ясно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +15°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +27°
$
440.9
-0.02
475.95
+0.59
¥
60.95
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Саябақ қашан жөнделеді, Сәлімов мырза?

Биыл сәуір айынан бастап Семей қалалық әкімдігі орталық саябақты күрделі жөндеуден өткізіп әрі адам танымастай етіп өзгертіп жіберетініне қапысыз сендіріп, қос қақпасын тарс жапқан болатын және ауқымды реконструкция үшін қазынадан 1 млрд теңге бөлінді.

Тіпті, қала әкімі Ермак Сәлімов "демалыс аймағын қалпына келтіру үш айға созылады" деп, шілдеде семейліктер жаңарған саябаққа келіп, серуендейтінін де өз аузымен айтқан болатын. Ал Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаевтың сөзіне сүйенсек, саябақтағы жаңғырту жұмыстары қараша айына дейін созылуы мүмкін. Айталық, саябақтағы ағаштардың қырқылып, күзелуі көктемгі айларға байланысты "қолды бөгесе", одан өзге қырланған кеспе тастарды төсеу, басқа да саябақ ішіндегі қопарма жұмыстардың өзі кезең-кезеңімен жүзеге асады екен. Одан өзге саябақтың орналасу ретіне қатысты сараптама қорытындысын күту де жұмыстың кешеуілдеуіне түрткі болып отыр екен-мыс.

Тағы бір айта кетерлігі, әлі күнге дейін орталық саябақтағы жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыратын бір де бір мердігер компания нақтыланбапты.

- Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік сараптамалық орталық саябаққа қатысты жөндеу жобасынан техникалық қателіктер табылуына байланысты кері қайтарған болатын. Бұл техникалық қателіктер көгалдар мен гүлзарларды суару жүйесіне байланысты жоспардан шықты. Түзетіп қайта жібергендіктен, техникалық жағынан аса күрделілік туа қоймайды деп ойлаймын. Барлық ескертулер ескерілді. Енді бірер аптаның ішінде саябақты қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алулар жөнінде байқау жариялаймыз, - дейді Амантай Өтелбаев.

Бөлім басшысының айтуынша, қараша халыққа қақпасы қарашаға таман ашылатын саябақ "рухани жаңғырып" сала бергенде барлық стандарттарға сай болмақ. Балаларға арналған бірнеше спорттық және ойын алаңдары, амфитеатр жасалып, субұрқақ пен диодты жарық шамдары көз тартып, келушілерді қызықтыра түспек.

Ал қала әкімі Ермак Сәлімов бұған дейін облыстық бюджеттен осы мақсатқа 1 млрд теңге бөлінгенін айтқан болатын. Алайда қаржы бөлінгенімен, әзірге қарқынды атқарылған жұмыс та көрінбейді. Саябақ іші болса, қопарылған тас, тау болып үйілген қоқысқа көміліп, көзі түскеннің көңіліне қаяу түсіріп тұр. Бәрінен де осынау қолайсыз көріністерге қор бола қарап, шарасыз кейіпке түскен Шәкәрім ескерткішіне обал-ақ... Өткен аптада Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні болды... Бәлкім, саябақ ішінде "қамалып отырғандықтан" шығар, ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қаладағы мәдени мекемелердің ешқайсының дәті бармаған.

Следующая →