Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Оқушылар озық үлгідегі асханадан тамақтанады

Оқушылар жаңа оқу жылынан бастап заманауи асханада тамақтанатын болады. Бұл сөзді №37 мектептегі жөндеу жұмыстарымен танысу барысында қала әкімі Жақсылық Омар айтты

- Барлығы қалада елу мектеп болса, елу асхана бар деген сөз. Білім басқармасымен бірлесе отырып, биыл 35 мектептің асханасын жаңарту жобасын бастадық. Әр мектептегі асханалар күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құрылғылармен жабдықталады. Мектептер енді бұрынғыдай тендер жариялап әуре сарсаңға түспейді, - деп жалғады сөзін Жақсылық Омар.

Яғни, мектеп асханасы кәсіпкерге 7 жылға жалға берілетін болады. Ал ұзақ уақытқа жалға алған кәсіпкер асхананы барлық талапқа сай етіп жөндеуге міндетті. Бұрын жыл сайын мектеп асханасын жалға беруге тендер жарияланып, ал оны жалға алған кәсіпкер оның ішкі жағдайына бейжай қарайтын еді. Өйткені бір жылдан кейін тендердің өзінде қалар-қалмасынан бейхабар болатын.

Болашағын ойлайтын ел баланың денсаулығын басты назарда ұстайтыны анық. Бұл сол бағыттағы болашағы зор іс деп білдік.

Биылғы жылы қаланың Меновное шағын ауданындағы мектептің мұңы да ескеріліпті. Қыста қар, көктемде батпақ кешетін аудан тұрғындарының арызы бойынша көшенің сегіз шақырымына асфальт төселіпті. Сонымен қатар, сол маңайдағы тұрғын үйлерге су құбыры тартылып, жолдары жөнделіп жатқан көрінеді. Осы сәтте жол-жөнекей жолығып қалған аудан тұрғындары батпақтан құтылғандарын айтып, қала әкіміне қуаныштарын жеткізгенін көз көрді.

- Бастысы мектепке баратын балалардың аяғы таза, жолы жақсы болды. Жылда жаңбыр жауса болды, батпақтан аяқ алып жүре алмайтынбыз, - дейді сол төңіректегі тұрғындардың бірі.

Одан өзге, қала әкімі болашақтың білім баспалдағы - "Жігер" балалар және жасөспірімдер клубына да барып қайтты. Бұл нысан да күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Клубқа 7 мен 18 жас аралығындағы балалар тегін келе алады.

- Бұнда дебат алаңы, түрлі ойындар арқылы балалардың моторикасы, ойлау және зерттеу қабілетін жақсартатынн зияткерлік бөлме жабдықталады, - дейді клуб жетекшісі Елена Деш. - Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдері де оқытылады. Ал лингвистикалық кабинетке 10 компьютер сатып алынды, барлығы да ғаламторға қосылады. Одан өзге, музыка студиясын ашуды да жоспарлап отырмыз. Ол үшін арнайы дыбыс жазу құрылғылары да алынады.

Осы оқу жылынан бастап қаладағы қосымша білім беру нысандары заман талабына сай жабдықталып, заманауи бағытта жұмыс істемек.

Әр бала тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын білім ошақтарындағы жөндеу жұмыстары жанға жағымды, көңілге толымды. Болашаққа жол мектептің табалдырығынан басталатынын ескерген ел көштен қалмайтыны айқын.

Следующая →