Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыс Қазақстанда Арыс балалары жазғы демалыстарын өткізуде

Биыл Шығыс Қазақстандағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 174000-ден астам оқушы демалады, бұл облыстағы балалардың 99,7 пайызын құрайды

Оның ішінде 33 582 (100%) көпбалалы және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар екенін атап өткен орынды. 

Бүгінде облыстағы 990 сауықтыру және мектеп алды лагерьлері балаларға қызмет көрсетуде. Осы орайда биыл шығысқазақстандық балалар Арыстан келген балалармен қатар демалуда. 

10 шілдеден бастап өңірімізде Арыстан келген 220 бала тынығуда. Ал 28 шілде мен 25 тамыз аралығында тағы да 80 бала келіп, Шығыс Қазақстанның әсем табиғатымен және киелі орындарымен таныспақ. Оларды мұнда қызықты бағдарлама күтіп тұр. Атап айтсақ, қызықты экскурсия, концерттік және цирктік бағдарламалар. 

Қазіргі таңда балалар Катонқарағай ауданы, Приморск ауылында орналасқан "Арайлы Шығыс", Семейдегі "Қарағайлы", Таулы Үлбідегі "Дарын", Глубокое ауданындағы Малоубинка ауылында орналасқан "Толағай", Үржар ауданы, Қабанбай ауылындағы "Уржарайым", Ұлан ауданы, төменгі Тайынты ауылындағы "Болашақ" лагерьлерінде демалуда. 

- Әрбір лагерьде балалардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар мен байқаулар, саxналық қойылымда ұйымдастырылуда. Мәселен, Абайдың 175 жылдығына орай өлеңді мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған Арыс қаласынан келген балалар белсене қатысты. Бұдан бөлек балалар музейлерді аралайды. Кинотеатрға барып, Өскемен мен Семейдің, сондай-ақ аудан орталықтарындағы мәдени демалыс орындарына барып, тынығады. Әсіресе, олар "Жидебай Бөрілі" мемориалдық музей қорығындағы Абай мен Шәкәрім, сондай-ақ ашық аспан астында орналасқан "Берел қорғандары" сынды киелі орындарға барып, ерекше әсер алып қайтты. - Лагерьге келген 10 күннің ішінде біз екі күнімізді саяxаттауға арнадық. Одан естен кетпес әсер алдық. Таңғы сағат бесте Жидебайға аттандық. Ондағы Абай музейінен ерекше таңданыспен оралдық. Бұдан соң Еңлік-Кебек ескерткішіне бардық. Сөйтіп, қос ғашықтың ескерткішінен мол ғибрат алдық. Кейін Күшікбай батырдың жерленген орнына барып, үлкен әсер алдық, - дейді Семейдегі "Қарағайлы" лагерінде демалып жатқан Арыс қаласынан келген Ахмет Жайсан.

Арыс қаласынан келіп, "Дарын" лагерінде демалып жатқан балалармен облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова кездесіп, жылы лебізін білдірді. Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары балаларға естеліК сыйлықтарды табыс етті.

- Біздің өңірде Арыс қаласынан келген балаларды көргеніме қуаныштымын. Балалар еліміздегі ең көрікті жерлердің бірі - Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай, Таулы Үлбі, Тайынты, Қарағайлы сынды орындарда демалуда. Бұл жерлерде балалар демалып қана қоймай, әртүрлі бағыттағы шараларға қатысуда. Қызықты тарихи жерлерге барып, білім көкжиектерін кеңейтуде. Бүгін қонақжай xалқымыздың дәстүріне байланысты Арыс қаласынан келген 300 балаға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Аxметовтің атынан спорттық киім жиынтығын, спорттық аяқ киім тарту етіледі, - деді Әсем Бекқызы.

Айта кетейік, Арыстан келген балаларға шығысқазақстандық дәрігерлер тиісті медициналық көмек түрлерін көрсетті. Олар әрбір баланың денсаулығын тексерді. Кейін балаларға кешенді емдеу шараларын жүргізді. Сондай-ақ балалармен жоғары білікті псиxологтар мен тәлімгерлер жұмыс істеуде.
Следующая →