Усть-Каменогорск
ясно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кәсіпкерлер ашып әлек, билік жауып әлек

Үржар ауылы Жанай ауылында "Туған жерге тағзым" акциясы аясында ауыл тумасы, кәсіпкер Омаров Серікбол Берікболұлының демеушілігімен ауылдық дәрігерлік-акушерлік пункт ашылды

Облыста медициналық пунктердің жаппай жабылып жатқанын, тек 2018 жылы ғана Бородулиха, Жарма, Зайсан, Алтай, Көкпекті, Күршім аудандары бойынша 20 медициналық пункт жабылғанын бұрын да жазып едік. Денсаулық сақтау басқармасы жылына бір медициналық пункті қаржыландыруға, мамандардың жалақыларын төлеуге орта есеппен 3 млн теңге қаржы жұмсалатынын, алдағы уақытта медициналық пунктерді ашуға қажеттілік жоқтығын айтып, ал медициналық пунктердің жаппай жабылуын елді мекендердегі адам санының азаюымен түсіндірген еді. Билік органдары медициналық пунктерді жауып жатса, кәсіпкерлер оны ашып әлек. Құны 5, 5 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген Серікбол Берікболұлы бүгінде үржарлықтардың алғысын алып, ауыл халқын үлкен қуанышқа бөленді.

- Қазіргі күні заман талабына сай жарақтандырылған нысан барлық керекті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Сонымен бірге, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Жанай ауылында кіші футбол алаңы ашылды. Алаң толықтай жарықтандырылып, керекті барлық құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жалпы, футбол алаңының сыртқы бөлігін қоршауға Серікбол Берікболұлы демеушілік танытып, патриотизмнің айқын көрінісін көрсетті. Осы жұмыстардың басы-қасында жүрген Серікбол Берікболұлына, ауыл әкімі Әсет Баймұрзаев пен ауыл жастарына алғысымды білдіремін! - деді Үржар ауданы әкімі Серік Зайнулдин.


Следующая →