Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Самарда Абай ескерткіші бой көтереді

Қытай, Өзбекстан, Ресей, Иран, Франция, Венгрия, Мысыр, Әзірбайжан және тағы да басқа елдерде бой көтерген Абайдың ескерткіші өз елімізде де сұранып тұрғаны жасырын емес еді

Әсіресе, бір кездері отарлы өңірлерде шоғырланған халықтың еңсесін тіктеу үшін аса керек-тін. "Ештен кеш жақсы" демей ме қазақ. Енді кеш болса да өз алыптарын тудырған аймағымыз өз ұлдарын ұлықтауға көшті. Соның бірі - жақында Көкпекті ауданындағы Самар ауылынының қақ ортасында бой көтеретін Абай ескерткіші болмақ. Оның үстіне, келер жыл қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы тойланатыны, осыған байланысты да мемлекет басшысы үкіметке бірқатар тапсырма бергені бар.

Алаңда жұмыс қызу. Жұмысшылар жобаның бірінші кезеңін бітіріп қойған. Дегенмен жұмыстың біразға дейін созылатын түрі бар. Себебі ескерткіш орнатылатын алаңда субұрқақ салынып, орындық, күркешелер орнатылып, алаң айрықша абаттандырылмақ. Ол үшін бюджеттен аз қаражат бөлініп отырған жоқ.

- Сметалық жоба бойынша ағаштарды алып тегістейді. Әрбір мәслихат сесиясында қосымша қаржы бөлініп отыр. Бастапқыда облыстық бюджеттен 10 млн, одан кейін жергілікті бюджеттен 22 млн берілді. Енді тағы да қосымша қаржы бөлмек. Өйткені LED экран қою жоспарға еніпті, - дейді Самар ауылдық округі әкімдігінің маманы Азамат Ракишев.

Құрылысты бірнеше мердігер ұйым жүргізіп отыр. Мәселен абаттандыру жұмыстары мен "Бота" ЖШС айналысса, Ұлы Абайдың ескерткішін "Муслим" ЖК қолға алған. Ал ескерткішті орнатуға бюджеттен 4 мон теңге қаржы жұмсалып отыр.

Айта кетейік, Самар ауылы 1997 жылдан бастап Самар ауылдық аймағы ретінде әкімшіліктің басқаруымен құрылды. Ол аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Ауыл тұрғындарының негізгі айналысатын кәсібі - ауыл шаруашылығы.

Следующая →