ШҚО-да 230 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр
Екі апта бұрын көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту бойынша облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өткен болатын
Онда облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыстың бірінші кезеңін аяқтап, ауылдағы 230 отбасына баспана кілтін табыстайтынын айтқан болатын.
Айта кетсек, аймақ басшысының тапсырмасы бойынша 88 ауылдық округтер мен 4 аудан орталығында жұмыс тобы құрылған болатын. Құрамында қоғамдық ұйым өкілдері мен көпбалалы аналар бар арнайы топ баспана алу мақсатында үйлерді аралап, қолайлысын таңдап алды. Баспана таңдау кезінде мал өсіруге, бақша егуге және шаруашылық жүргізуге тиімді болатындығына зор көңіл бөлінді.
Сонымен ауылдық округтерде 196 үй мен аудан орталықтарында 34 баспана таңдап алынды. Олардың жалпы бюджеттік емес сомасы 558,5 млн теңгені құрап отыр. Сонымен, Шығыс Қазақстан облысы ауылдарындағы 230 отбасы көптен күткен баспана кілттеріне ие болды. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Глубокое ауданында болып, 13 отбасын жаңа баспаналарымен құттықтады.
Сондай-ақ бір мезетте облыстың өзге аудандарында да кілттер табысталды. Ең көп Бородулиха ауданында - 37, Көкпектіде - 34, Тарбағатай ауданында - 27, Ұланда - 23, Үржарда - 20. Енді жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылып, аудан орталықтарындағы 300 отбасыға баспана беру жоспары тұр. Қазіргі уақытта қала және аудан әкімдерімен Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы "Бақытты отбасы" көпбалалы отбасыларға жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасының барысы қарастырылуда.
Следующая →

- Көпбалалы отбасылар - еліміздің басты игілігі. Біз ауылдардағы көпбалалы отбасыларға баспана беріп, әлеуметтік маңызды мәселені шештік. Үйлер үкіметтің қалауымен емес, көпбалалы аналардың өздерімен таңдап алынуы мені қатты қуантады. Барлық отбасылар қуанышты. Алдағы уақытта қалалар мен аудан орталықтарында баспана мәселесін шешетін боламыз,- деді Даниал Ахметов.Төрт баланың анасы Айнұр Тоқтарбаева өзінің қуанышын жасыра алмай, жаңа үйге көшкен бақытымен бөлісті.
- Енді менің отбасымда барлық құрылыс нысандары қарастырылған үлкен үй бар екеніне сене алар емеспін. Алдағы уақытта шаруашылық ашу ойымда бар. Үлкен қолдау көрсетіп отырған мемлекетімізге ризашылығым шексіз,- дейді бақытты ана.