Усть-Каменогорск
ясно
-7°
  • Усть-Каменогорск
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Нур-Султан (Астана)
    +1°
  • Актобе
    +2°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +6°
  • Караганда
    +2°
  • Кокшетау
    -4°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шетелге мал сату дұрыс па, бұрыс па?

Жақында ауыл шаруашылығы министрлігі төлдейтін ірі қараларды шетелге сатпау мәселесін көтеріп, бұған тыйым салуды ұсынған болатын

Өйткені бұл ішкі нарықтағы малдың санын азайтып, еттің жетпей қалуына әкелуі мүмкін көрінеді.

Министрліктің ресми мәліметтеріне сүйенсек, былтыр алыс-жақын шетелге 50 мың бас ірі қара сатылып кеткен екен. Ал биыл жарты жылдың ішінде 40 мыңнан аса сиыр шетелге кеткен.

Малдың көбі Өзбекстан мен Қытайға сатылып жатқан көрінеді. Бұл елде мал да, ет аз болғандықтан, көрші жатқан Қазақстанға көз тігіп отыр. Қазақстандық малдың шетелге сатылып жатқаны жақсы, әрине. Шаруалардың еңбегі еленіп, малы сатылып, табысы молайып жатыр. Бірақ екінші жағынан, оның кері әсері де байқалуда. Өйткені шетелге кететін малдардың көбі - төлдейтін ұрғашы малдар. Олардың өзі шетелден сатып әкелінген асыл тұқымды ірі қаралар болатын. Оған қыруар қаржы кеткені де рас. Министрліктің ойынша, маңдай термен келген малдың елге табыс бермей, шетелге кетіп жатқаны жөн емес, сондықтан оның сатылымына тыйым салынуы керек.

Өгіздер - етке

Аталмыш мәселенің облыстағы жағдайы қалай екенін біліп көрмек болып, облыстық Ауыл шаруашылық басқармасына жүгінген болатынбыз. Айта кететін бір нәрсе, шетелге тірідей сатылатын ірі қаралардың нақты қай өңірлерден кетіп жатқаны белгісіз, алайда шығыс аймағынан шетелге тірідей сатылып жатқан мал жоқ көрінеді. Тек ет күйінде өткізілуде. Мәселен, былтыр Үржар ауданының "Алғабас" шаруа қожалығы Өзбекстан еліне 150 тонна сиыр етін жіберген. Сойылған малдың барлығы - бордақыда тұрған еркек малдар. Ұрғашы малдарды сою деген болмаған.

- Бордақыға ірі қараның тек еркек төлдері ғана алынады, - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ертай Қуанбаев.

Ал шетелден елге әкелініп жатқан асыл тұқымды ірі қаралардың барлығы - құнажын мен дөнежіндер. Көбінесе, Ресей елінен әкелінеді. Бір ірі қараның құны, шамамен, 620 мың теңгеден басталады. Әр жерде әрқалай. Жергілікті сиырлардан үш есе қымбат. Ангус, герефорд, қазақтың ақ бас сиырлары сынды етті мол беретін ірі қара тұқымдары әкелінуде. Бұлар - суыққа да, ыстыққа да төзімді, тез салмақ қоса алатын малдар.

- Биыл жарты жылдың ішінде шығыс өңіріне 5 мың басқа жуық асыл тұқымды ірі қара енгізілген. Осы жылы шетелден 11 мың бастай ірі қара сатып алу жоспарланған, - дейді бас маман.

Былтыр іске қосылған "Сыбаға" бағдарламасы бойынша өңірге жыл сайын шетелден 10 мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара енгізіліп отырмақ.

Кей шаруалар "ірі қараларды шетелден сатып алмай-ақ өз ішіміздегі, елдегі сиырлардан тұқым алып, соны неге өсірмейміз?" дегенді жиі айта бастады. Олардың ойы, шетелге қыруар қаржы жұмсап, сиыр сатып алғанша, сол қаржыны жергілікті шаруаларға субсидиямен беріп, әл-ауқатын жақсартуға болар еді дегенге саяды.

- Асыл тұқымды ірі қараларды елдің ішінен де табуға болады. Қазақтың ақ бас сиыры жетіп жатыр. Тіпті, сол қаражат шаруаның қорасында туған әрбір төлге берілсінші, мал асыраушылар күннен-күнге көбейер еді, - дейді жармалық шаруа Қуат Сүлейменов.

Ал мамандар болса, жергілікті малды бір-біріне қосып, төлдете беруден аз нәтиже шығатынын, ірі қараның тұқымын жақсартып, генетикасын арттыру үшін бәрібір сырттан "қан" мен тұқым керектігін айтады.

- Малды бір ауылдан бір ауылға, бір округтен бір округке, бір өңірден екінші бір өңірге апарып, табынға қосудан нәтиже шықпады. Өсім аз болды, - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Үйсінғалиұлы.

Былайша айтқанда, мал ұсақталып кетті. Генетикалық заңдылықтарға сүйенсек, малдың тұқымын жасытып алмас үшін бәрібір жаңа ұрық пен жаңа тек керек.

Дегенмен соңғы уақыттары ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға өзгеріс енгізіліп, жергілікті асыл тұқымды малдарды да сатып алуға рұқсат беріле бастаған. Ал бұрын тек шетелден ғана әкелуге рұқсат етілген еді.

Комбинатқа мал жете ме?

Қазіргі уақытта өңірде екі бірдей ірі ет комбинаты салынып жатқаны белгілі. Оның бірі Семей қаласында болса, екіншісі - Аягөзде. Одан бөлек, Көкпектіде де комбинат тұрғызу жоспарға қойылған. Иран инвесторы салып жатқан Семейдегі ет комбинаты күніне 400 сиыр мен 2 мың қойды сойып, етін өңдей алады.

Бұл қос комбинатты шикізатпен қамтудың өзі үлкен мәселе болары анық. Өйткені қазіргі мал ішкі нарықты ғана толтыруға, соны ғана қамтамасыз етуге кетіп жатыр.

- Елдің оңтүстік аймақтарында мал бағатын жер жоқ, сондықтан малдары аз. Ал олар етті бізден алып отыр. Еттің бағасы да ол жақта қымбаттау. Ал жаңадан салынатын комбинат етті бұдан да қымбат бағамен алатын болады. Өйткені өңделген ет ішкі емес, сыртқы нарыққа, Таяу Шығыс елдеріне жіберіледі. Біздің табиғи және генетикалық жағынан таза ет өнімдері шетелдің қызығушылығын тудырып отыр. Сондықтан аймақтағы шаруалар мал басын көбейтіп, жаңа табыс көзіне айналдырса деген ой бар, - дейді Ербол Қуанышев.

Аягөзде салынатын комбинат мал семіртуге арналған арнайы технология қолданбақ. Бордақылау алаңы да болмақ. Екі комбинаттың да құрылыс жұмыстары басталудың алдында тұр. Қашан салынып бітетіні әлі белгісіз. Былтыр салынып бітеді деген жоспар болған, бірақ бұл жоспарға инвесторлар ілесе алмай жатыр.

Ал комбинатқа шикізаттың жетер-жетпесін толық қуатты өндіріс орны іске қосылғаннан кейін ғана біле аламыз.


Следующая →