Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыстың өнерпаздары шымкенттік анаға көмектесті

Шығыс өнерпаздары мен өнерсүйер қауымы қайырымдылық концертін ұйымдастырып, шымкенттік көпбалалы анаға қол ұшын берді

Өскеменнің жүрегі жылы, жаны аяулы әншілері мен өнерпаздары бас қосып, кезекті қайымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.

Аталмыш концертті жаңадан ғана құрылған әрі өнер айдынына басқан алғашқы қадамын қайырымдылықтан бастаған "ҚРА" концерт орталығы ұйымдастырып отыр. Айтуларынша, өнер мен қайырымдылық өте егіз ұғымдар әрі шығыстың өнерпаздары жомарттық жасап, көмек қолын ұсынуға әрдайым дайын.

Өңірімізге белгілі әнші Айдын Алдархан ағамызбен үш жыл қатарынан қайырымдылық концертін ұйымдастырған болатынбыз, - дейді орталықтың жетекшісі Райымбек Қайсатегі. - Содан қалған тәжірибемен концерт орталығын ашып, алғашқы қайымдылық шарасын ұйымдастырып отырмыз. Алдағы уақытта эстрада жұлдыздарымен бірігіп, қайымдылық шарасын жасағымыз келеді. Әлі ауыл-ауылда концерт көрмеген, ән мен күй аңсаған қаншама көрермен бар, соларды қуантуға асықпыз.

Ал концерттен түскен қаржы бір жарым жасар Асылжанның ота жасауына көмек ретінде жіберілді. Шымкент қаласында тұратын кішкентай қаһарман осы күнге дейін төрт бірдей операцияны басынан өткерген екен. Анасының айтуынша, жағдайы біраз жақсарып қалған, сауығып кетуіне үміт бар.

Балам туғанынан көзі көрмейді. Кішкене кешіккенімізде мүлде зағип болып қалады екен. Құдай сақтады. Алғаш жасаған отадан бір көзі көріп кетті. Алайда екінші көзінде кемшіліктер әлі бар. Қазақстандық мамандар ондай отаны жасай алмайды. Санкт-Петербург қаласынан келген білікті маман бар екен. Соған үш рет ота жасаттық. Құдайға шүкір, баламның беті бері қарап қалды. Енді көздің қарашығына ота жасату керек болып тұр. Соған 800 мыңдай қаражат керек. Ал оны жинауға шамам жоқ. Үйде алты баланы асырап отырмыз, - деп сырымен бөлісті Гүлназ Маханова.

Ресейлік маман мамыр айының 16-19 күндері Астана қаласына келмек. Шымкенттік ана сол мерзімге отаға жазылып қойған. Демек қаражатты да сол уақытқа дейін жинап үлгеруі тиіс.

Ал өскемендік әншілердің қайырымдылық концертінен 170 мың теңге түскен екен. Қаржы әлі де жеткіліксіз. Сондықтан қол ұшын бергісі келген жандар болса, төмендегі деректерді пайдаланса болады:

Kaspi Gold карточка нөмірі:

5169 4931 7774 3062

ЖСН: 800205402619

Байланыс телефоны: 87759852080

Следующая →