Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Байахметовтің былықтары Оразбаевты отырғызбауда

Аягөз қаласында ауызсумен қамту бойынша жүргізілген жұмыстар дұрыс жоспарланбаған. Бұл туралы осы жылдың сәуір айынан бастап қана ауданға әкім болып тағайындалған Ділдәбек Оразбаевтың өзі мәлімдеді

2020 жылдың соңына дейін "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша облыста 99 жоба аяқталмақ. Тағы 32-сі 2021 жылы бітеді деп жоспарланып отыр. Осылайша облыстық әкімдік аймақ тұрғындарының орталықтандырылған су жүйесімен қамту көрсеткішін 53,7 пайыздан 90,8%-ға өсірмек ниетте. Ал соңғы мәліметтер бойынша облыста 165 мың тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етілмеген екен. Оның ішінде 320 тұрғыны бар 3 ауылда ауызсу мүлде тапшы, алыстан тасып ішеді.

- 50 жоба бойынша жұмыстар жүріп жатыр, оның 20-сы құбырлардың құрылысы бойынша. Осылайша жыл соңына дейін 8 елді мекенде жаңа су құбыры пайда болып, үйге дейін су тартылатын болады. 18 ауылда ескірген желілер мен насос стансасы жөнделеді. Жалпы жұмыс қарқыны жаман емес. Облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді, аудан әкімдері, енді жұмыс істеңіздер! 45 нысанға қаржыны тағы қарастырыңыздар. Біз тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауызсумен қамтуға міндеттіміз, - деген болатын Даниал Ахметов әкімдіктің отырысында.

Сондай-ақ, Аягөз бен Тарбағатайдағы 2500 тұрғын жазда өз қаражаттарына үйлеріне су кіргізбек. Сол себепті қазіргі таңда осы мәселені сараптап, зерттеу үшін арнайы ғылыми орталықтардың мамандары арқылы жұмыстар жүргізілуде.

- Қала ішіндегі бірқатар көшелерде судың жоқтығы, жаз басталса, көп қабатты үйлердің жоғарғы қабатына су жетпей қалатыны жайлы маған мәлім. Бұл төңіректе жұмыстар жүргізілетін болады. Тиісті бөлім, мекемелерге тапсырма бердім. Сонымен қатар, ауызсу тартудың 5 кезегінің жобалық сметалық құжаттары әзірленген болатын. Десе де, оған бірқатар көшелер енбей қалған екен. Сондықтан қайтадан жоспарлап, жобалық сметалық құжатын әзірлеу бойынша толықтыру жүргізіледі. Бірақ мұның бәрі бір күнде шешіліп, үйлеріңізге бірден су барады демеймін. Уақыт керек. Сондықтан, сабырмен шыдамдылық танытуларыңызды сұраймын, - деп Аягөз ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Аягөздің бұрынғы әкімі Бақытжан Байахметовтің бітірмеген, бітірсе де шала-жансар аяқтаған көптеген ісін қайта қолға алып отыр.

Ауданда су мұнараларындағы насостардың тозығы жеткен. Сол себепті әкім бір насос, бір скважинаның трубасын ауыстыруды да бастап кеткен.

- Бұл жұмыстардың сапалы атқарылуын өзім қадағалаймын. Жалпы, Аягөзде ауызсу мәселесі қордаланып қалған екен. Бұл жайлы мен білемін. Назардан қалдырады деп ойламаңыздар. Қайталай айтқаннан мәселе шешіле қалмайды. Мәселе біртіндеп шешіледі. Сіздерді сабыр сақтап, күтуге шақырамын және қиындық туындатқан ауызсу мәселесі үшін кешірім сұраймын, - деп Ділдәбек Оразбаев аудан тұрғындарынан Баяхметовтің балықтары үшін кешірім сұрағандай болды.

Сонымен қатар, аудан әкімі биыл Аягөз ауданы бойынша 11 көпір салынатынын да атап өтті. Оның ішінде екеуі автокөліктерге арналған көпір (кіші Аягөз өзеніне) болса, қалғаны жаяу жүргіншілерге арналмақ.

- Жаяу жүргіншілер көпірінің 4-еуі Мамырсу ауылдық округіне, қалған 5-еуі кіші Аягөз өзені бойына орнатылады. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер көпірін орнату жұмысы басталып кетті. Жұмыстарды өзім бақылап қайттым. Жыл соңына дейін көпірлердің барлығы орнатылатын болады, - деді аудан әкімі.


Следующая →