Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Жетім көрсең жебей жүр"

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мерекені тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды

Халықаралық балалар күні әлемнің түпкір түпкіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай бүлдіршіндердің құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамдағы кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қоғауға қолдауға шақыратын күн.

- Осынау бүлдіршіндердің мерекесі келіп жеткенде, біздің мекеменің қызметкерлері қарап отыра алмады, - дейді ОВ-156/2 мекемесінің қызметкері Д. Лукпанов. - Мереке қарсаңында ОВ-156/2 мекемесінің қызметкерлері облыстық Білім басқармасының "Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру-тәрбиелеу орталығына" балаларды мерекелерімен құттықтап және де әртүрлі сыйлықтар ұсынып, жылы лебіздерін білдіруге барды. 

Қызметкерлерді кішкентай бүлдіршіндер үлкен қуанышпен қарсы алды. Мәнерлеп өлең оқудан Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген сайыстан гран-при жүлдесін жеңіп алған Данил атты бүлдіршін мекеме қызметкерлеріне өлең оқып берсе, басқа балалар да өз өнерлерін ортаға салған. Балалардың мұндай өнерлеріне тәнті болған қызметкерлер олардың әрбіреуіне сыйлықтарын ұсынды.

- Мекеменің атынан арнайы дайындалып әкелінген алтыбақан балалар үйінің ойын ауласына қызметкерлердің өз қолдарымен орнатылды, осы тұста айта кетсек бұл алтыбақанды ізгі ниет, үлкен қуанышпен жасаған сотталған Айбеков пен Вострецовқа мекеме атынан алдағы уақытта алғыс жарияланатынына кәміл сенімдіміз. Қызметкерлеріміз алтыбақанды қауіпсіз етіп орнатқандарына көздерін жеткізген соң, балалар ойнауғада кірісіп кетті. Атам қазақтың "Жетім көрсең, жебей жүр" деген жақсы сөзі бар емеспе, осы сөзді іштей ұстанып, балалардың жүздеріне сәл де болса күлкі сыйлағандары үшін қызметкерлер қатты қуанды, - дейді Д. Лукпанов.


Следующая →