Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"SOS" мобильді қосымшасын ойлап тапты

Республикалық "IT мамандарын даярлау" жобасы аясында "Әлеуметтік мәселелердің IT шешімдері" байқауының жеңімпаздары қатарынан жерлесіміз Әділ Ғабит табылды

Nur Otan партиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық байқау үш ай бойы әр өңірдегі үздік жобаларды анықтаған. Солардың ішінде Өскемен политехникалық колледжін тәмамдаған Әділдің жобасы үздіктердің бірі болды. Байқауға қатысқан 31 жоба қазіргі таңдағы әлеуметтік проблемаларды шешуге арналды. Мәселен, бірінші орынға ие болған Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дарынды студенттері зағип және түстерді айыру қабілеті нашар адамдарға арнайы құрылғы жасаған. Бұл құрылғы 2 тілде түстердің қандай екенін дыбыстық режимде айтады. Сондай-ақ, Талдықорған Жоғарғы көпсалалы колледж студенттерінің көзі нашар көретін адамдардың оқу, жазуына көмектесетін "Writing Printer" жобасы да бар. Ал байқаудың жүлделі 3-орнын есту қабілеті нашар жандарға арналған "SOS" мобилдік қосымшасының авторы, Өскемен қаласындағы Политехникалық колледжінің
4-курс студенті Әділ Ғабит иеленіп отыр.

- Шынымды айтсам, бір қызды ұнатып, сөйлесуге бел байладым. Алайда ол қыз сөйлеу және есту қабілетінен айырылған екенін кейін білдім. Содан осындай жоба жасау идеясы туды. Өйткені мұндай кемтарлығы бар адамдар қиын жағдайға түссе, ешбір жерге хабарлай алмайды, қоңырау шала алмайды. Ал менің жобам мобильді телефонмен арнайы қосымшадағы батырманы басу арқылы төтенше жағдайлар қызметі, тәртіп сақшылары, жедел жәрдем сияқты қызметтерге шұғыл хабарлама жібере алады. Алдағы уақытта осы салада өз орнымды тауып, мықты бағдарламашы болсам деген арман бар, - дейді Әділ.

Бағдарламаға енгізілген мәлімет арқылы адамның ЖСН мен геоақпараттарын анықтауға болады. GPS навигаторы ұялы байланысын қажет етпейді. Әр нөмір тіркелетіндіктен көмек сұраушының барлық ақпараты қызмет көрсететін мамандарға көрініп тұрады.

- Біздің өңірдің жастарының ІТ- саласындағы жобаларды жасауда алдыңғы қатарда жүргендігі көңілге қуаныш сыйлайды. Республика көлемінде IT саласын жетілдіру және қолдау бойынша аймағымыз көш бастап тұрғандығын айтқым келеді. Білімді де білікті, бәсекеге қабілетті, қоғамға пайдалы тың идеялары мен жаңаша бастамалары бар жастарға қолдау көрсету Nur Otan партиясының басты мақсаты, - дейді Nur Otan партиясы ШҚОФ бірінші төрағасының орынбасары Ануарбек Мұхтарханов.


Следующая →