Усть-Каменогорск
малооблачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Заңды тұлғалар енді қалай тіркеледі?

Заңды тұлғаларды енді Әділет департаменті тіркеуге қоймайды

ҚР Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (7 ұйымдық-құқықтық нысан) бойынша функциялары 1 шілдеден бас-тап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі.

Айта кетейік, "Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" тиісті Заң ағымдағы жылдың 2 сәуірінде қабылданған болатын.

- Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тіркеу тіркеуші органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкімет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады, - деп мәлімдейді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ ШҚО бойынша баспасөз қызметі. - Тіркеу іс-әрекетінің қалған түрлері, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптама жүргізуді талап етеді.

Сондықтан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының заңгерлік білімі бар қызметкерлері арнайы оқытудан өткен. Қызмет іске қосылғаннан бастап заңды тұлғаларды тіркеумен барлығы 295 адам айналысады, олардың 95-і қалалық филиалдардың, 166-сы аудандық бөлімдердің және 34-і филиал бөлімшелерінің қызметін үйлестіретін болады.

Айта кету керек, функцияларды мемлекеттік корпорацияның құзырына беру шарасы республикалық бюджеттен қаржыландырылмаған.

Следующая →