Усть-Каменогорск
пасмурно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -7°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -6°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
511.22
540.05
¥
70.61
4.73
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көпбалалы отбасынан шыққан балалар тегін оқиды

Көпбалалы отбасылардың балаларына колледжге тегін түсуге болады. Ол үшін техникалық білім беру мекемелеріне келіп құжат тапсырса болғаны

Көпбалалы аналарға әлеуметтік жағынан түрлі көмектер ұсынылып жатқаны белгілі. Соның ішінде білім саласында көпбалалы отбасының балаларына тегін мектеп формасы мен ыстық тамақ беру, колледждерге тегін гранттар мен балабақшадан тегін орын бөлу сынды жеңілдіктерді айтуға болады.

Қазіргі уақытта мектеп формасы мен тегін грант беру және балабақшаға орналастыру мәселелері біршама шешілген. Облыстық Білім беру басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта өңір мектептерінде 33 мыңнан аса көпбалалы отбасының балалары білім алуда. Оның ішінде 16 мыңнан астамы ұл болса, 17 мыңға жуығы - қыз балалар.

- Киім үлгілері үш түрлі болмақ: қара, көк және қоңыр аралас маталармен тігіледі. Қыз балаларға пиджак, сарафан мен белдемше берілсе, ұлдарға желетке, шалбар мен пиджак беріледі. Қазіргі уақытта бес фирма келісімшартқа отырып, киім тігуді бас-тап кетті. Бұған бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінген, - деп есеп берді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова көпбалалы аналардың мәселесін қараумен айналысатын комиссия отырысында.

Баяндамада айтылғандай, биыл өңірде 9-сыныпты бітірген балалардың саны 5200-ден асады екен. Оның ішінде 970-ке жуығы көпбалалы отбасының балалары болса, оның 642-сі техникалық білім беру мекемелеріне оқуға түсуге ниет білдіріп отырған көрінеді. Ал 11-сыныпты бітірген оқушыларды қосқанда, барлығы 915 бала колледжге оқуға түсуге дайын. Басым көпшілігі техникалық, педагогикалық және ауыл шаруашылық мамандықтарын таңдап отыр.

- Облыстық бюджеттен техникалық білім беру мекемелеріне 6200 грант пен республикалық бюджеттен 1730 грант бөлініп отыр. Сондықтан колледжге оқуға түскісі келген көпбалалы отбасының балаларына орын жетеді. Тек қабылдау комиссияларына әкеп құжаттарын өткізсе болғаны. Отбасының табысы не басқа да кіріс көздері есептелмейді. Бір сөзбен айтқанда, білім беру гранттарын үлестіруге ешқандай талаптар қойылмаған. Оқуға түскен жағдайда, жатақханасы да қоса беріледі, - дейді Айгүл Оралғазинқызы.

Ал қай мамандыққа қанша грант бөлінгенін облыстық Білім басқармасының ресми сайтынан, "Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі" деген қосымша беттің "Мемлекеттік білім беру тапсырысы" атты құжатынан қарап көруге болады.

Осы орайда айта кеткен жөн, бір баланы колледжде оқыту үшін, орта есеппен, облыстық қазынадан 700 мың теңгедей қаржы бөлінеді. Оның ішінде студенттің шәкіртақысы мен оқу ақысы, ыстық тамағы мен жатақханаға төленетін ақысы енеді.

Сондай-ақ, көпбалалы аналардың балаларына балабақшадан тегін орын беру мәселесі де жолға қойылды. Мамыр айынан бері 3500 бүлдіршінге балабақшадан орын берілген. Оған 200 млн теңгедей қаржы бөлінген екен.

- Балабақшадан орын алу үшін жинайтын құжаттарын да әкімшіліктің өздері жинап береді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға білім саласы тарапынан берілетін көмек түрлері бір ізге түскенімен, оларға кәсіп ашып беру жағы әлі де шатқаяқтап тұр. Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жыл басынан бері небары 7 отбасыға ғана кәсіп ашуға несие рәсімдеген екен. Ал өңірде барлығы 26 мыңнан аса көпбалалы отбасы өмір сүреді. Жоспар бойынша олардың, кем дегенде, 5 пайызы, яғни, мың жарымға жуығы кәсіп ашуы тиіс.

- Қала мен аудандарды аралау кезінде кәсіп ашқысы келетін аналардың көп екендігін байқадым. Алайда олардың көбі мемлекеттік қолдаумен қалай қаржы алуға болатындығын білмейді, түсіндіру жұмыстары жоқтың қасы. Ал кәсіпкерлік басқармасы мен кәсіпкерлер палатасының басшылары көпбалалы аналармен өздері барып кездесіп, түсіндіруі керек. Бала тәрбиесіндегі әйелдердің мекемеге келуге шамалары жоқ, - деп ескерту жасады Даниал Ахметов.

Аталмыш комиссияның отырысы енді күзге таяу бір өткізіледі. Ол кезге дейін ауылдағы аналардың барлығына баспана беріліп, енді қаладағы аналарға үй берудің механизмдері қарастырылуы керек.

Следующая →