Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тұғылдықтардың тағдыры қыл үстінде

Тарбағатай ауданында төтенше жағдай. Мұнда 3 шақырымдық бөгет жарылып, 5 мыңнан астам тұрғыны бар Тұғыл ауылын топан су басқалы тұр

Бар байлығын елге иіп жатқан Зайсан көлі жайлы толғар жыр, ақтарар сыр көп-ақ. Шалқар көл Бұқтырма бөгені салынғаннан кейін екі есе ұлғайғаны бәріне мәлім. Адам құдіретін әйгілегендей жасанды теңіз толқынының астынан тау жоталарының ұшар басы қылтиып қана көрінеді. Бір кезде керуен шұбап, түйелер маң-маң басқан боз дала теңіз астында қалды дегенге сенгің келмейді. Енді сазаны ойнап, шабағы қайнап, шағаласы шарқ ұрған осынау көл тағы да ұлғая ма деген қауіп бар. Оны Омбы-Майқапшағай тасжолы бойымен жиі жүретіндер, әсіресе, көктем мезгілінде Ақмектеп пен Тұғылдың арасындағы аумақтың бір бөлігін, тіпті, жолдарды да көл шайып кетуі мүмкін екендігін жақсы біледі. Оның үстіне, алтын күннің ақ шуағы аймалаған айна көлдегі 3 шақырымдық бөгеттің ахуалы күн сайын қиындап барады. 

Өткен ғасырдың 50-60 жылдары осы Тұғыл ауылы қала типтес кент болып, ондағы "Зайсанрыбпром" өнеркәсіп бірлестігі республикадағы өнеркәсіптік негізде балық ауланатын теңіздері мен көлдері арасында шоқтығы биік кәсіпорын болды. Сол уақытта қауіпсіздік мақсатында жағалау маңына қарай толқынға қарсы бөгет салынған еді. 3 шақырымдық бөгет тынықтық пен тыныштық сыйлап, тұрғындарды дауылдан аман-есен сақтап келді. Енді тағы 60 жыл өткеннен кейін Тұғыл тұрғындары дабыл қағып отыр. Белгілі болғандай, осы күнге дейін дауылға қарсы бөгетке бірде-бір жөндеу жұмыстары да жүргізілмепті. Бергі беті "сау" болғанымен, бөгеттің екінші жағы, тіпті, жермен жексен болған. 
- Бөгет түгелімен қирап, бүліне ме деп қатты қорқамыз, - дейді Тұғыл ауылының кемежай басшысы Бауыржан Сүлейменов. - Бергі жағынан аса қауіпті емес сияқты көрінгенмен, артқы беті қатты қираған. Толқын мен жел балкалар мен плиталарды да құлатқан. Енді тағы осылай бола берсе, барлық бөгет жарылады, сол кезде бізді ештеңе де құтқара алмайды.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше Зайсан көлі ешуақытта тынық болмаған. 6 балдық желдің кесірінен болатын 4 метрлік толқын жағаны қатты келіп соғып, апталап тұрып алатын көрінеді. Бұл онсыз да қиын жағдайды ушықтырары анық. 
- Біз бұл мәселені 5 жыл бойы көтеріп келеміз, - дейді Бауыржан Сүлейменов. 
Кемежай басшысының бұл сөзін ауыл тұрғындары да қостады. 
- Түсінбедік. Сонда билік бізді түгелімен су шайып кетуін күтіп отыр ма? Жұмыссыздық бел алып, жастардың бос уақытын өткізетін, спортпен айналысатын жер таппай, ауыз су күніне 2 сағат қана берілетіндігі аздай, енді ауылды топан су баса ма? - дейді Тұғыл ауылының тұрғыны Төлеміт Төлеубаев.
Ал жергілікті биліктің жауабы қашанғыдай жаттанды. Бар пәлені табиғатқа жаба салуы мүмкін облыстық әкімдік пен Төтенше жағдайлар бойынша департамент мүлде қамсыз отыр. Тез арада жөнделмесе, тоспалар қирап, топан су маңайындағы ауылдардың барлығының астаң-кестеңін шығарары анық.
- Мұндай үлкен жұмысты аудандық бюджет көтере алмайды. Әрине, барлық жерге жазып, айтып жатырмыз. Жауапты мекемелер мәселенің мән-жайын біледі. Алайда ешқандай кері жауап жоқ. Күтеміз... - дейді Тұғыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Қанат Свенов. 

Следующая →