Қанат Ислам: "Ауыл жастарын үлкен спортқа тарту қажет"
ШҚО Тарбағатай ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Тұғыры биік Тарбағатай" халықаралық спорт пен өнер фестивалі өтті
Шара барысында Ақсуат ауылында "QAZAQ promotions" қазақ боксшыларының кәсіпқой бокста жетістікке жетуін қолдап жүрген промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Украина, Белоруссия, Армения мен Қазақстанның кәсіпқой боксшылары айқын шайқаста бақтарын сынап, мықтылары анықталды.
Следующая →
- Тарбағатай төрінде осындай көлемде турнир өткізудегі мақсатымыз - ауыл жастарына бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтына жастарды қызықтыру және қазақстандық бокс өнерін дамыту. Танылмай жатқан талантты жастарға мүмкіндік беруіміз қажет. Жергілікті азаматтардың қолдауымен өтіп жатқан үлкен дода - туған жерге деген сүйіспеншілік пен ризашылықтың көрінісі деп білемін. Қазақстанның әрбір азаматы шамасы келгенше туған жерін көркейтіп, дамуына өз септігін, үлесін қосып жатса, көшіміз одан сайын ілгері басары анық. Туған жердің туын биік ұстауымыз керек, - деді қазақстандық кәсіпқой боксшы, ұйымдастырушылар алқасының төрағасы Қанат Ислам.Дәстүрлі түрде өткізілетін дүбірлі дода жастарды рухтандырып, жаңа чемпиондар есімін анықтайтын болады. Жарыстың халықаралық деңгейге көтерілуінің өзі жақсы көрсеткіш. Айта кетсек, боксшылар 60 келіден бастап, 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі аралығында бақтарын сынады.