Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    -11°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -14°
  • Кокшетау
    -7°
  • Костанай
    -6°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -9°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    -4°
$
522.91
+5.98
548.85
+6.33
¥
71.97
+0.85
5.05
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыста мал аз, кене мол

Кенелердің адамдарды көп шағуына малдың азаюы себеп. Ал кенеден келетін ауруға адамның иммунитеті қарсы тұра алмайды

Эпидемиолог мамандардың айтуынша, кенелердің адамдарға шабуылдауының бір себебі - малдың жоқтығы. Мәселен, кеңес кезінде елде мал көп болғандықтан, адам атаулыға кене де жиі "жабыса" қоймайтын. Өйткені көктемде қоректенуге шыққан кенелер ол кезде адамға емес, жануарға барып жабысатын. Қазір өрісте мал азайған соң, түздегі кенелер адам қоныстанған аймақтарға ауып, "қорегін" адам қанынан іздейтін болды. Кене шаққан малдың қанына энцефалит вирустары еніп кеткенімен, оны ауруға шалдықтыра қоймайды. Есесіне, кене шаққан адам қатерлі ауруларға душар болуы мүмкін. Ал ауру асқынып алса, адамды сал етеді.

Кененің "түзге" шығу науқаны наурыз-сәуір айларынан басталады. Биыл жыл басынан бері кене шаққан 2300-ден аса адам ауруханаға келіп қаралған. Былтырғыға қарағанда, қаралған адамдардың саны 10%-ға артық. Көбінесе, Өскемен мен Риддер қалаларының, Катонқарағай мен Ұлан ауданының тұрғындары көп жүгінеді.

Эпидемиологиялық бақылау мекемесі мамандарының айтуынша, осы жылдың сәуірінен бері кене энцефалитін жұқтырған бес адам анықталған. Қуанышқа орай, бірде-бірінің ауруы асқына қоймаған, дер кезінде ауруханаға түскен.

- Былтырмен салыстырғанда энцефалит жұқтырғандар аздау. Былтыр жеті адамға жұққан болатын, - дейді облыстық Тауар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Әлия Оспанова.

Энцефалит жұқтырған бес адамның үшеуі Катонқарағайда болса, бірі - Өскеменде, тағы бірі - Алтай қаласында. Қатонқарағайдағы науқас Алматыға жарысқа барып, сонда жұқтырып алған екен.

- Қазір жағдайлары жақсы, иммуноглобин салынып, медициналық тексерісте жатыр, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Назигүл Сапарғалиева.

Айта кеткен жөн, Шығыс Қазақстан облысы кенесі көп қауіпті аймаққа жатады. Әсіресе, Катонқарағай мен Риддердің ормандары қауіптірек. Ол жақтың тұрғындарына тегін екпе жасалады. Биыл 9 мыңға жуық адам егілген. Ал қалған өңірдің тұрғындары кенеден өз бетінше қорғануына тура келеді.

- Кене қанның иісінен бұрын адамның терлеген иісін тез сезеді. Бау-бақшаға барып, жұмыс істеген адамдарға неге кене жабысып алатындығы содан. Сол себепті тердің иісін шығармас үшін, далаға шығарда денеге жақпамай жағып алу керек. Тіпті болмай жатса, спрей не иіссу сеуіп алыңыз. Ол да кененің иіс сезуін жаңылыстырады. Мұның барлығы қарапайым ғана амалдар ғой. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген оңай, - дейді Әлия Оспанова.


Следующая →