Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үржарлықтар шұрық-тесік жолды өздері жөндеп жатыр

Үржардың Мақаншы ауылының тұрғындары жөндеу көрмеген көшелерін өздері қалыпқа келтіруге кірісті

Олар тас пен құм түсіріп, жолдың шұрық-тесіктерін жамап жатыр.

Облыстың шекара түбіндегі Мақаншы аудан мәртебесінен айрылғалы ауыл арасындағы жолдар күтімі ұмыт қалған. Есеп беруге келген әкім қаралардың пәрмені соңғы жылдары қыс ішінде бораннан кейін жол ашып беруге ғана жетіпті. Енді жол азабын айта-айта шаршаған мақаншылықтар асарлатып ой-шұңқырды шамалары келгенше жамап жатыр.

Бір қарағанда қарапайым сенбілікке ұқсайды. Алайда олай емес. Көпшілік көше жолдарын қалыпқа келтіріп жатыр. Үлкен-кіші демей, жұмыла жол жөндеуге кіріскен. Ыстыққа қарамастан бәрі де бір кісідей атсалысып жатыр. Ауылдың шенеуніктері шырт ұйқыда жатса, бұлар тыным таппай қолдарына күрек алып, жерді тегістеп, қопарып, қызу жұмыс үстінде.
- Мақаншымен арадағы жолдың осы бір мәселесі аудан, облыс, тіпті, парламентке жеткен. Өкінішке қарай, 30 жыл бұрын салынған жол әбден тозып, жөнделуі "әне-мінемен" биыл тағы кейінге қалды. Енді мұны жаңа сайланатын елбасы назарына ұсынбасақ, ешкімнен қайыр болмады, - дейді ауыл тұрғындары.
Бұл келеңсіз жағдай қарапайым халықты әбден әбігерге салған. Олар көшеге ақ жағалылар назар аудармағандықтан, осындай әрекетке барғандарын айтады.
Следующая →