Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    -11°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -14°
  • Кокшетау
    -7°
  • Костанай
    -6°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -9°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    -4°
$
522.91
+5.98
548.85
+6.33
¥
71.97
+0.85
5.05
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

9 мың түлекке - тегін грант

Аймақта қажетті мамандықтар үшін техникалық және кәсіптік білім беруге осынша мемлекеттік тапсырыс беріліп отыр

Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен жылына 4, 5 млрд теңге мөлшерінде қаржы бөлу қарастырылған, оның ішінде көпбалалы отбасылардың студенттеріне 3 млрд теңге бөлінеді.

Облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен көпбалалы, аз қамтылған отбасылардағы балаларды қолдау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 9-11-ші сынып түлектеріне талдау жүргізілді.

- Бүгінгі күні көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп түлектерінің саны 1087 адамды құрады, оның ішінде 9-сынып базасында - 898 адам, 11-сынып базасында - 189 адам. Қазіргі уақытта көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қарастырылуда, - дейді әкімнің орынбасары Әсем Нүсіпова. - Тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 6200 мемлекеттік грант бөлінді, сонымен қатар республикалық бюджеттен "Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы бойынша 1730 орын бөлінді.

Қазіргі уақытта аудандық және қалалық білім бөлімдері көпбалалы отбасыларынан облыс колледждерінде білім алуға тілек білдірушілерді анықтау, және колледжді таңдау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл деректер гранттық орындарды беру және бөлу кезінде ескерілмек.

- Мемлекеттік тапсырыс облыстағы барлық колледждерде болғанын қадағалаңыздар, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Түлек жеке меншік колледжге түсікісі келгенде "ол жерде тегін орын жоқ" деген болмасын. Балалардың ұсынысы мен таңдауы басты орында болуы керек.


Следующая →