Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    -11°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -14°
  • Кокшетау
    -7°
  • Костанай
    -6°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    -9°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    -4°
$
522.91
+5.98
548.85
+6.33
¥
71.97
+0.85
5.05
+0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тұрғындар дәрі ала алмай жүр

Елдің денсаулық сақтау министрі дәріханалардың жұмысын қатаң бақылауға ала бастады. Енді дәріхана қызметкерлеріне рецепсіз дәрі сатуға тыйым салынып отыр

Елде сатуға рұқсат берілген 8 мыңға жуық дәрі түрі бар. Оның 1800-ін ғана дәріханадан емін-еркін сатып алуға болады, ал қалғандарын алу үшін дәрігердің қағазы керек. Ал дәрігер жазып берген қағазды дәріханалар өз есептері үшін өздеріне қалдырады.

- Науқас рецепт бойынша дәріханаға барады. Жазылғандардың ішіндегі кейбір дәрілер бар, екіншісі жоқ болып шығады немесе оған қаржысы жетпей қалады. Ал рецепт жазылған қағазды дәріханашылар алып қалады. Сонда келесі дәрі үшін ол адам ауруханаға тағы барып, қағаз алуы керек пе? Бұл адамдарды сандалту ғой, - деп облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Головатюк тұрғындардың көкейіндегі мәселесін ортаға салды.

Шынында да, науқас дәрі алу үшін өзінің учаскелік дәрігеріне жазылып, ұзын-сонар кезек күтеді. Ал кардиолог, онколог сияқты таптырмайтын мамандарға бірер ай бұрын жазылу керек. Олардың қабылдауына кіре алуың екіталай. Осы себепті тұрғындар не тегін, не ақылы дәрілерге қол жеткізе алмай отыр. Осы мәселені шешу үшін Қоғамдық кеңестің отырысына Денсаулық сақтау бөлімінің өкілін де шақырған. Алайда басқарманың дәрі-дәрмек бойынша бөлімінің бас маманы Сайрангүл Айтмұқанқызы мәселенің ушыққанынан хабардар еместігін танытып, тіпті, мінберде "Қандай мәселе бойынша? Сұрақты қайталаңызшы?" деп Владимир Головатюктің өзінен сұрады.

- 2009 жылдан бар, алайда одан бері қадағаланбаған болатын. Кез келген дәріні пайдалана беру денсаулыққа зиян. Зерттеуге сенсек, науқастың өзі таңдап алған дәрісінің 20 пайызы ғана дертіне шипа беруі мүмкін, ал қалғандары құр шығын. Басқарма өкілі ретінде барлық шағымдарды қабылдаймын, алайда қазір ешқандай мәселе жоқ, - деп маман мәселенің ауадан туындағанын айтқандай болды.

Денсаулық сақтау басқармасына фармация комитетінің мамандарының да шағымы бар екенін білдік. Басқарма департаменттің осы мәселе бойынша сауал хатына сәуір айынан бері жауап бермеген, яғни, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіркеудегі науқас саны мен тұрғылықты жері, диагнозы бойынша талдамалы жауап жоқ. Осылайша Қоғамдық кеңеске қатысушылар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша аймақта ешкім талдау жасап, бақылау жасамайды деген шешімге келді.

- Тұрғындар анықтамалық дәріхана нөміріне (1330) хабарласып дәрілердің бар-жоғын алдын ала біле алады. Неге сонша шу шыққанын білмеймін, советтік кезеңде де солай болды емес пе? Ол кезде шағым болмайтын, - деп облыстық Тауарлар және көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Нұргүл Құнапиянова қенестік кезді аңсайтынын білдірді.

Алайда Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Головатюк советтік кезеңнің жақсылығы болмағанын, ол кезде де осындай шағым, қаумалаған кезек болғанын сонымен қатар, аталған жедел желіге күні-түні хабарласу мүмкін еместігін айтты.

- Шағым көп, бірінші рет тегін де, ақылы да ала алмай жүр. Бұрын науқастар өз қаржыларына еркін түрде дәріні ала берген болса, бүгінде бастарын анда да, мындада соғып, әсіресе, зейнеткерлер сандалып жүр. Рецептімен дәрі беру медициналық қызметті одан сайын төмендетіп жатыр. Ең қызығы бұл мәселемен ешкім айналысқысы келмейді. Дәрігерлер қай дәріханада қандай дәрі сатылатынын білу керек. Жақсы болғанын қаладық, алайда барлығы керісінше болды. Туындаған проблемалық сұрақты облыс әкіміне, ары қарай министрлікке жолдаймыз, - деді Владимир Головатюк.

Сонымен жауапты шенеуніктерден мардымды жауап ала алмадық. Қазіргі уақытта дәріханалардың барлығын қамтитын, рецепті электронды түрде жазуға ыңғайлы арнайы бағдарламаның әзірленіп жатқаны белгілі болды. Ал оған дейін дәрігерлер науқасқа рецептің бірнеше көшірмесін жазып беруі тиіс екен.

Айта кетейік, егер дәріхана иелері дәріні рецепсіз сатқан болса, 70 пен 1000 айлық есептік көрсеткіш арасында (176 мың мен 2,5 млн теңге шамасында) айыппұл салынады. Жыл басынан бері дәріні рецепсіз берген 9 дәріхана жауапқа тартылды. Ал рецепсіз берілетін дәрілердің қатарына дәрумен, мұрынға тамызатын дәрі, сироп, шөп шәй мен тұмауға, суық тиюге қарсы препараттар жатады.

Следующая →