Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыстың мерейлі отбасылары анықталды

Ақ неке қасиетін арттырып, мерейлі шаңырақтың белгісі болған "Мерейлі отбасы-2019" ұлттық байқауының облысымыздағы жеңімпаздары анықталды

Облыстық байқауға қатысқан 19 отбасы - өңірдің мақтаулылары, халық мүддесіне қызмет еткен, ерен еңбектің иелері. Қызмет пен отбасылық өмірді қатар алып жүрген жанұя мүшелері жас ұрпақты рухани құндылықтарға үйретіп, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеп келеді. Осылай деген ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова үлгілі шаңырақ иелеріне береке-бірлік, тындырымды тірлік тіледі.

- Республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтіп жатыр. Бүгінгі қатысушылар аудандық деңгейдің жеңімпаздары. 19 отбасы - облыстағы мықты, лайықты отбасылар. Осындай отбасылардың арқасында біздің мемлекетіміз өсіп, өркендеуде. Еліміздегі әр отбасы экономика, мәдениет, әлеуметтік саясаттың негізгі тірегі, құндылығы. Бұл байқаудың шымылдығы осыдан 6 жыл бұрын түрілді. Байқау демографияны еселеуге, үлгілі отбасы иелерін ардақтап, солардың тәжірибесін насихаттауға септеседі, - деді Әсем Бекқызы.

Сайысқа қатысып, 19 шаңырақтың арасында топ жарған жармалық Мухаевтар отбасына тоңазытқыштың сертификаты табысталды. 45 жыл жұп жазбай отасқан ерлі-зайыптылар 5 қызын қияға қондырып, 14 немере сүйіп отыр. Олар - үлгілі шығармашылығымен ел танитын отбасы, ауылдастарының арасында сыйлы, құрметті. Отағасы Момыш Үмітқұлұлы Мухаев өмір бойы туған ауылында механик болып қызмет еткен. Жұбайы Наталья Әубәкірова - Жарқын ауылының баға жетпес музыкалық жетекшісі. 1988 жылы Наталья Уәлиқызы ұлттық аспаптар халықтық оркестрінің құрамында Киев, Львов, Днепропетровск, Черкасск, Иванно-Франковск, Мәскеу қалаларында өнер көрсеткен. 2004 жылдан бері "Жарық" ансамбльдерінің, "Әкелер әуендері" тобының қызметі қайта жандандырылды, олардың ұйымдастырушысы және жетекшісі - Наталья ханым.

- Құжатта Наталья болғанмен, апамның қойған аты - Нұрзейнеп. Жарма ауданының Жарық ауылынан келдік. Ұзақ жылғы еңбегіміздің жемісін көргендей болдық. Ұстанымымыз - "Сұлулық заңдары бойынша еңбек етіп, өмір сүру". Осы қағиданы ұстанып, егемендік алғаннан кейінгі қиын жылдарда мәдениет үйінде 10 жыл тегін жұмыс істедім. Сол жердің мәдениетін көтеруге атсалысып, мәдениет үйін сақтап қалдық. Балаларымның 3-еуі осы музыка саласында еңбек етеді, 2-еуі педагог, - дейді кейуана.

Ал байқаудың ІІ орынын өскемендік Черкашиндер әулеті иеленді. Оларға алғыс xат және кір жуғыш машина сатып алуға сертификат табысталды. Евгения Павловна және Дмитрий Николаевич 22 жыл бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп, 12 бала тәрбиелеп отыр. Ал Ұлан ауданынан келген Жұмашевтар отбасы ІІІ орынды иеленді. Оларға теледидар табыс етілді. Бұл тату отбасының 9 бақытты мүшесі бар. Батыр ата, аяулы әже - Зұлқарнай апа, үйдің отағасы - Ділмұрат Жұмашұлы, жүзінен мейірім төгілген ардақты анасы - Айгүл және Мөлдір, Ақерке, Ақжүніс, Қарақат деген ақылды, қылықты қыздар, Парасат, Қанағат деген қайтпас қайсар ержүрек ұлдары бар.

Жүлделі орындардан бөлек "Көрермендер көзайымы" номинациясы бойынша Шемонаихадан келген Ваниндер отбасы марапатталды. Отбасыға 50 мың теңге ақшалай ынталандыру жүлдесі берілді.

Следующая →