Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Кене шаққан оқушы ауруханадан шықты

Кене шаққан баланың ауруханаға түскені туралы республикалық БАҚ көздері ақпарат таратқан болатын

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы жақсарғанын хабарлады.

- Қазіргі таңда баланың жағдайы бірқалыпты. Кене баланы шамамен сәуір айының соңында шаққан. Екі аптадан кейін баланың дене қызуы көтеріліп, басы ауырған. Осыдан кейін жедел жәрдем шақырылып, ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. Бала стационарлық емдеуде 12 күн жатты, ауруханадан шығарылды, - деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбекқызы.

Сондай-ақ, мекеме өкілі спецификалық терапия жүргізілгенін және баланың жүйке жүйесі ешқандай ақаусыз сауығып келе жатқаныннан хабардар етті.

Өскемендегі кене шаққанда тәулік бойы алғашқы медициналық қызмет көрсететін пункттер:

  • Облыстық мамандандырылған медициналық орталық (бұрынғы бірінші қалалық аурухана), Абай даңғылы, 18;
  • Ана мен бала орталығы, Өтепов көшесі, 37.

Следующая →