Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бітірушілер арасында медицинаны таңдағандар көп

Биыл елімізде 140 мыңнан астам түлек мектеп бітірді. Олардың 90%-дан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспақ

Ал Шығыс Қазақстанда биыл 8490 оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Оның 79%-ы, яғни, 6690-ы маусым айында өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші кезеңіне қатысуға ниет білдіріп отыр. Былтыр 6864 оқушы тестілеуге қатысқан болатын. Биыл шамалы аздау.

ҰБТ-ның жаздық кезеңі республикада 20 маусым мен 5 шілде күндері өткізіледі. Бұл кезең түлектерге грант ұтып алып, жоғары оқу орнында тегін білім алуға мүмкіндік береді.

- ҰБТ-ға қатысушылардың басым көпшілігі математика, физика, биология, химия және география сынды пәндерді таңдап, техникалық және медициналық мамандықтарға оқуға тапсыруға тілек білдір, - дейді облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Былтыр да техникалық және медициналық мамандықтарды таңдағандар көп болған еді. Медицинаға тапсырған "Алтын белгі" алған түлектердің кейбірі оқуға түсе алмай жатты.

Биылғы оқу жылында өңірден 666 түлек "Алтын белгісін" қорғауға күш салмақ. ҰБТ-дағы максималды балл - 140, ал шектік балл 50 болуы тиіс. Былтыр тапсырған түлектердің 11%-ы аталмыш шектік балды жинай алмаған еді. Сондай-ақ, жоғары 140 балды жинағандар да болған жоқ.

Следующая →