Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Харекет" қоры шығысқазақстандық екі отбасыға баспана сыйлады

Қасиетті Рамазан айының алғашқы аптасының соңғы күнінде "Харекет" қайырымдылық қоры кезекті екі бірдей баспананың кілтін жерлестерімізге табыстады

ШҚО Жарма ауданы, Қалбатау ауылының тұрғыны, 6 баланың анасы Толқын Тастанбекова - "Күміс алқа" иегері. Жолдасы Омаржанов Ануарбек 2016 жылы ауыр жол апатына түсіп, жұлын омыртқасына зақым келіп, төсек тартып қалған. Өмірлік жарының басына түскен қиындықты бірге бөлісіп, оны қолмен тамақтандырып, көтеріп тұрғызып, жатқызу да Толқынның мойнында. Десе де, маңдайына жазған тағдырына мойымай, отбасына келген сынаққа сынбай қайсар мінез көрсетіп осы ауыр сынақты абыроймен көтеріп жүрген көпбалалы ана Толқын қолы баспанаға жетіп, әсіресе бүлдіршіндерінің қуанып жатқан жайы бар. "Харекет" қайырымдылық қоры 96-шы баспананың кілтін осы отбасыға табыстады.

- Бала-шағамның арманы орындалды. Олар өз бөлмелері болғанын армандаған. Жолдасым да 3 жыл болды арбасына таңылып, менсіз күн көре алмайды. Осы 3 жыл мен үшін тозақ болды. Үмітім үзілуге шақ қалғанда қордың көмегі тиді. Енді пәтерден - пәтерге сандалмайтын болдық. Мұнда барлық жағдай жасалынған. Сондықтан қор қызметкерлеріне, халқыма алғысым шексіз, - дейді жармалық ана Толқын Тастанбекова.

Сонымен қатар, қайырымдылық қорының 92-ші баспанасы да Зайсан ауданының тұрғыны, бүгінгі таңда 7 баланы жалғыз өзі өсіріп, тәрбиелеп отырған ана, "Алтын алқа" иегері Майнұр Рахановаға табысталған еді. Майнұр Қажымұқанқызы күйеуінен ажырасқаннан кейін өмірдің қиындықтарына мойымай, балаларын қолынан келгенше бағып-қағып отырған. Балаларының үлкені 11-сынып оқиды, ең кішкентайы балабақшаға бармайды, бес баласы мектеп қабырғасында оқиды.

- Мінекей, бүгін тағы да бір мұқтаж отбасының қуаныштан шыққан көз жасын көруді нәсіп еткен Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын! "Әр қазақ менің жалғызым!" - деп, бір қазаққа бар қазақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып көмек қолын созып жүрген Шынар есімді қайырымдылық қордың аймақтың үйлестірушісі.


Следующая →