Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Күршім ауданында сүт зауыты ашылды

Күршімдегі Қаратоғай ауылында алғаш ашылған жаңа сүт зауыты алдағы уақытта тәулігіне 1 тонна сүт өндіруді көздейді

"Арын" ШҚ иесі Бақытжан Баймухамбетовтың айтуынша, өндіріс толық қуатына көшкен кезде йогурт та шығару жоспарда тұр. Әзірге кәсіпорын мамандары нарықты зерттеп, тұтынушының сұранысына сай айран, ірімшік, құрт, кілегей сияқты 8 түрлі тауар шығаруға талпынып жатыр. 

- Басқа ауыл тұрғындарынан да сүт қабылдайтын арнайы көлік бар. Енді тұрғындар сүтті 80-100 теңгеден өткізіп, қосымша пайда көре алады. Ал зауытта өңделіп, пастерленген мына сүттің бағасы Өскемендегі озық сүт өңдеу зауыттарынан әлдеқайда арзан, небары 220 тг құрайды, - дейді "Арын" шаруа қожалығының иесі Бақытжан Кеңесханұлы.

Сүттің дәмі де тіл үйіреді, ешқандай қоспасыз, табиғи өнім.

Енді жақын күндері Күршімнің барлық дүкен сөрелері мен әлеуметтік нысандардарында ауданның өз ішінен шығатын сүт өнімін көретін боламыз.

Айта кетейік, зауыттағы жабдықтарды сатып алып, қоюға 25 млн теңге қаржы жұмсалды. Бұл қаржы ешқандай мемлекеттің көмегенсіз, өз қалтасынан шыққан қаржы.
Следующая →