Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көпбалалы отбасылардағы барлық бала демалыс лагеріне жіберіледі

Көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары түгелдей жазғы лагерьге жіберіледі. Олар табиғат аясында демалып, елдің тарихы мен мәдениетімен таныспақ

Әсіресе, көпбалалы отбасынан шыққан балалардың басым бөлігі Бесқарағай ауданында, орманда орналасқан "Елім-ай" демалыс базасына жіберілмек. Базаның ішінде бассейн, волейбол мен баскетбол, футбол алаңдары, кинозал бар. Яғни, балалардың алаңсыз дема-
луына бар жағдай жасалған.

- Абай, Шемонаиха, Тарбағатай ауданының балаларын осында әкелуді көздеп отырмыз. Өйткені бұл аудандарда демалыс базалары жоқ. Курчатов пен Семей қаласының оқушылары да осында демалмақ. Барлығы 210 баланы қабылдай алады. Бір ауысыммен келген балалар он күн бойы демалады. Бір жазда жеті ауысыммен мың жарым баланы лагерьге жіберу жоспарланып отыр, - дейді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы.

Одан бөлек, Алакөлдегі "Чайка" сауықтыру лагеріне баруға да көпбалалы отбасының балаларына жолдама берілмек. Алайда бұл сауықтыру кешені жөндеуді қажет етеді. Сондықтан қазір облыс басшылығы демалыс орнын жөндеу мәселесін пысықтап жатыр.

- Жөнделіп біткен соң, лагерьдің жанынан балаларға ақпараттық-инженерлік және техникалық сабақ беретін арнайы кешен ашылмақ. Бұл балалардың зияткерлік қабілетін күшейтуге мүмкіндік береді, - дейді басқарма басшысы.

Ал мүмкіндігі шектеулі балалардың демалуына арналған Алакөлдегі арнайы шипажай-лагерьдің жағдайы қазір нашар. Оны да жөндеу керек болып тұр. Оның тағдырын әлі облыс әкімдігі шеше қойған жоқ: лагерьді жаңадан салу керек пе әлде оны жөндей салған жөн бе, сол жағы қарастырылмақ.

Следующая →