Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Темір жолда тексеріс күшейтілмек

Темір жолдағы тәртіп пен құқықбұзушылықты қадағалайтын желілік полицейлер мен көліктегі прокуратура мамандары мамыр айында күзет және тексеріс шараларын күшейтпек

Қар еріп, жер беті қарайған соң, темір жолды де кесіп өтушілер күрт көбеймек. Әсіресе, мамыр айынан бастап мектеп оқушылар жазғы демалысқа шығып, бос жүретін уақыты көбейеді. Ал бақташылар мен ауыл адамдары төрт түлікті қорадан шығарып, өріске жібереді. Алайда өріске кеткен мал темір жолға барып, жайылмасына ешкім де кепілдік бере алмайды.

Мамыр айының 15-17 күндері "Абайлаңыз пойыз" атты алдын алу шараларын қолға алып, темір жол бойындағы бақылау және қадағалау шараларын күшейтеміз. Оның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қылмыстарының алдын алу, жазатайым оқиғалардан қорғау және балалардың пойыз әйнектерін сындыру фактілерін болдырмау, - дейді Өскемен-1 Желілік полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Лариса Бектасова.

Ал темір жолдан бей-берекет өтіп кеткен азаматтарға айыппұл салынып, ескертулер жасалады. Сондықтан тәртіп сақшылары темір жолдан абайлап өтуге, көпірі бар жерлемен ғана өтуге кеңес береді.



Следующая →