Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Паромдар қараусыз қалмай ма?

Облыс әкімі Даниал Ахметов жыл басында тұрғындармен есеп беру кездесуінде Бұқтырма су қоймасындағы мәселелерді мұз түскенге дейін шешуге уәде берген еді

Тіпті, Күршім ауданының тұрғыны Әлібек Маткаримов бейнесауал жолдап, үкімет паромдарды қашан қарамағына алатынын белмекке мәселе көтерген болатын.

- Маткаримов мырзаның бұл сұрағы орынды. Облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы паромдарды 3 жылға сенімді басқаруға "Құйған айлағы" ЖШС-ға тапсырды. Жеке меншіктің басқаруына бергеннен қандай пайда болды? Паромдар кестеге сәйкес жүрмейді, жөнделмеген, бірақ тарифін қымбаттатқан. Мен өз орынбасарым Серік Ақтановқа осы өңірде болып жатқан жағдаймен айналысуды тапсырамын. Басқармадағы басшылар күмәнсіз әрі міндетті түрде жазаланатын болады. Арадағы келісімшартты бұзуға дайынбыз, оған толықтай құқығымыз бар, - деп Даниал Ахметов Күршім паромын мұз түскенге дейін реттеп, құны реттелетініне уәде беріп, тіпті, паромдар мемлекеттік меншігіне қайта берілу мүмкіндігін айтып бір қуантқан еді.

Алайда осы уақыт аралығында Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев "пара алды" деген күдікпен ұсталса, орынбасары Серік Ақтанов Зайсан ауданына әкім болып тағайындалып кетті. Ал паромдардың мәселесі не болғаны белгісіз. Алайда осы мәселеге қатысты облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді.

- Күршім ауданы бағытындағы "Қызыл ту" өткелі "Құйған айлағы" ЖШС иелігінде. Былтыр қатынау кезіндегі жолаушылардың наразылығы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта тексеру нәтижесін ескере отырып, қатаң бақылауға алынды. Қозғалыс кестесі бұзылуының алдын алу үшін басқармамен ай сайын өткелге тесеру жүргізіп отырады, - дейді басқарма басшысының міндетін атқарып жүрген Ернар Мұстафин.

Сонымен қатар, биыл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және қағалау мақсатында жағалауларда паромдардың қозғалыс кестесі, өткелден өту бағасы және басқарманың телефон нөмірі көрсетілген банер орналастырылыпты.

- "Қызыл Ту" өткеліндегі паромдардың 2019 жылға арналған қозғалыс кестесі мен тарифтері өзгертусіз қалады. Биыл паромдар 12 сәуірден бастап 1 маусымға дейін бекітілген көктемдік режімге сәйкес қызмет көрсетеді, - деп атап өтті Ернар Рысқазыұлы.


Следующая →