Облыста құрылыс көбейген
Шығыс Қазақстанда жылдың басынан бері салынатын құрылыстардың саны өскен
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы жылдың қаңтар-наурыз айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 29 млрд теңгені құраған. Бұл былтырға қарағанда 12%-ға көп.
- Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін мердігер компаниялар істеуде. Олардың құрылыстағы үлесі - 96%. Ал мемлекеттік кәсіпорындардың небары 0,2% бөлігін салып жатса, шетелдік компаниялардың құрылыс жұмыстарындағы үлесі 3,2%-ды құрап отыр, - деп хабарлайды ШҚО Статистика департаменті.
Ал елде салынып жатқан құрылыс нысандарының 7%-ы шығыс өңірінде тұрғызылып жатыр.
Құрылыс жұмыстарының көбеюіне "7-20-25" бағдарламасының ықпалы көбірек болғанға ұқсайды. Биыл аталған бағдарламаның аясында облыста екі мыңнан аса пәтер салынып бітпек.