Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Күн электр станциясы салынады

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы Жалғызтөбе кентінде күн электр станциясы салынбақ

Бұл туралы Еуропа қайта құру және даму банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ЕҚДБ электр энергиясын өндіру көздерін әртараптандыруда Қазақстанға белсенді қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан ЕҚДБ мен Жасыл Климат Қоры Қазақстанда күн электр станциясын қаржыландыруға 16,7 миллион АҚШ долларын берді. Мұндай келісімге Бейжіңде өткен "Бір белдеу - бір жол" бастамасының екінші халықаралық форумы барысында қол қойылды.

Электр станциясы көмірқышқыл газ тастандыларын жылына 31,650 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

- ЕҚДБ Жасыл Климат Қорымен (ЖКҚ) әріптестікте Шығыс Қазақстан облысындағы Жалғызтөбе кентінде қуаттылығы 30 МВт жаңа күн электр станциясының құрылысы үшін 16,7 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз ұсынып, Қазақстанда энергияның жаңартылатын көздерін дамытуды қолдауын жалғастыруда, - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Алынған қаражат Шығыс Қазақстан облысындағы Жалғызтөбе кентінде орналасатын қуаттылығы 30 МВт жаңа күн электр станциясының құрылысын қаржыландыруға пайдаланылатын болады. Станция жылына 38,900 МВт электр энергиясын шығарып, көмірқышқыл газ тастандыларын жылына 31,650 тоннаға қысқартуға көмектеседі.

Жобаның құрылысын "Universal Energy" - жасыл энергетика саласындағы жобаларды инвестициялау, әзірлеу, құрылысын салу, пайдалану және қызмет көрсетуге мамандандырылған компания жүзеге асыратын болады. "Universal Energy" бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда күн жобалары портфелін белсенді дамытып келеді.

Следующая →