Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемендіктер Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтуде

Өскемен жұртшылығы 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнін, әдеттегідей емес,жаңаша мерекелік шаралармен атап өтті

Биыл облыс басшылығы ресми шеруден бас тартып, оның орнына мерекелік шара ұйымдастыруды ұйғарған екен. Күннің суығына қарамастан, орталық алаңға жиналып, концерт тамашалағандар, көңіл көтеру ойындарын ойнап, көрмеге келгендер көп болды.

- Қазақстан мемлекеті әлем елдеріне көп ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруінің теңдессіз үлгісін көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы - жалпыұлттық бірлік пен келісім. Қазақстан халқы мәңгілік ел болу жолында ұйысқан болашағы бір, мүддесі ортақ, біртұтас ұлт. Бүгінгі күн - халқымыздың мызғымас достығы мен Отанға деген мәңгілік махаббатының мерекесі, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов сахнаға шығып.

Ресми құттықтаудан кейін ойын-сауық бағдарламасы басталды. Анимациялық алып қуыршақтар мен мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар алаңды шарлап, балаларды ойнатты, олармен бірге суретке түсті. Ұлттық киім киген ұлт өкілдерімен де суретке түсушілер көп болды.

- Бүгінгі мерекені кеше өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясының жалғасы десек болады. Сессиядан шабыт алып келген біздер Достық үйінің алдында да өз мерекелік шарамызды ұйымдастырғымыз келеді, - дейді "Достық үйінің" директоры Эльдар Төлеубеков.

Ал алаңның бір шетінде караоке мен би батлы ұйымдастырылып, жеңгендерге сыйлықтар беріліп жатты. Қолөнер шеберлері де шет қалмады. Алаңның бір қанатына көрме тартып жайғасқан шеберлер қолөнер бұйымдарын саудаға салды.

Көрменің артқы қатарында мейрамхана аспаздары әр ұлттың тағамдарын дайындап, халыққа ұсынды. Алаңның орталық бөлігінде екі шығармашылық орта құрылып, би байқауы мен ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

Ал түстен кейін Республика алаңының ортасында автошоу өтіп, көрмеге 30-дан астам ерекше автокөліктер қойылды. Оның ішінде ретро көліктер, тюнинг жасалған спорттық көліктер бар.

Следующая →