Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Банктер неге бейхабар?

Шығыс Қазақстанда салынып біткен үйлерге әлі адамдар қоныстанбаған. Ал несие беруші банктер аймақта қандай үйлер салынып жатқанынан хабарсыз

Биыл бюджет есебінен 8 млрд теңгеге жуық қаржыға 29 тұрғын үй салынбақ. Ал жыл соңына дейін оның 15-і салынып бітеді деген жоспар бар. Барлығы - екі жарым мыңға жуық пәтер.

- Жылдың соңына дейін "7-20-25" бағдарламасы бойынша 1120-дан астам пәтер салынып бітеді. Қазір алты үйдің құрылысы бітіп тұр. Бірақ оған әлі азаматтар қоныстанған жоқ. 20 сәуірдегі мәліметтерге қарағанда, банктен ипотека алуға 547 азаматтан өтініш келіп түскен, оның ішінде 337 азаматтың өтініші мақұлданған, - дейді облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Әділет Тұрысбек.

Ал салынып біткен үйлердің арасында былтырдан қалып кеткен тұрғын үйлер бар. Олар әлі азаматтарға берілмей жатыр. Ал құрылыс басқармасы жаңа үйлерге азаматтарды қоныстандыру графигін екі айға дейін кешіктіріп келеді. Бұған көңілі толмаған облыс әкімі Даниал Ахметов несие беруші банктермен тығыз жұмыс жасамаудың кесірінен азаматтар да баспанаға ие бола алмай жатқандығын алға тартты.

- Жақында ғана банк басшыларын жинап, осы мәселені талқылаған кезімізде несие беруші ұйымдардың салынып жатқан құрылыстан еш хабарсыз екендігі белгілі болды. Үйлердің қайда, қай көлеммен салынып жатқаны, сипаты қандай - еш мағлұматтары жоқ. Аймақта тұрғызылып жатқан нысандар туралы толыққанды ақпарат беріңіздер, - деп тапсырды облыс басшысы Құрылыс басқармасына.


Следующая →