Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Университет ұстаздары студенттерден пара талап еткен

Елімізде білім беру мекемелері жемқорлық бойынша үштікке кіреді. Жалпы оған қарсы қанша шара атқарылса да, білім беру саласындағы жемқорлық азаймай тұр

Еліміздегі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаменті 10-16 сәуір аралығында облыстағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында жасырын сауалнама жүргізген. Сауалнама негізінен мұғалімдер мен басқару мамандары тарапынан болатын жемқорлық әрекеттерін анықтау мақсатында алынған. Оған аймақтағы 7 университет пен 9 колледжден 700-дей студент қатысқан. Сауалнама "Мәселені сыйлық не пара беру арқылы шешкен жағдайлар болды ма?", "Қандай жағдайларда сыйлық немесе пара беруге мәжбүр болдыңыз?" деген сұрақтар төңірегінде алынған.

- Сауалнамаға қатысқан студенттердің 2,7 пайызы, яғни, 19 студент "жиі және тұрақты түрде пара не сыйлық береміз" деп жауап берген. Алайда 68,4 пайызы "ондай жағдай болмаған" деген. Әсіресе, Семейдегі Шәкәрім атындағы университеттің студенттері белсенді түрде жауап беріп, пара алатын 4-5 мұғалімнің аты-жөнін атады. Сондай-ақ, Өскемендегі Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студентері де қай маманға пара не сыйлық беруге мәжбүр болғанын жазған. Университеттің ректорларына материалдарды жібердік. Осы мәселе бойынша олармен арнайы жиналыс та өткіздік. Олар да таңғалысын жасырмады. Тиісті шаралар қабылдайды, - дейді аймақтағы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бөлімінің басшысы Ренат Нәбиев.

Сауалнама барысында студенттер көбінесе емтихан тапсырғанда, жатақханаға жолдама алғанда, ұстаздар кітап алуға мәжбүрлеген кезде, грантқа ауысу кезінде, аралық сынақтан өту кезеңінде пара бергені белгілі болды.

Сондай-ақ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бағалау әдісінің басқаша түрі енгізіліп жатқан көрінеді. Мысалы, сабақты бір мұғалім жүргізсе, басқа мұғалім студенттерден емтихан алады. Ал бағалауды мүлде басқа университет, атап айтқанда Павлодардың ЖОО-ны жүргізеді екен.

Следующая →