ясно
°
$
501.79
-1.56
595.07
+4.44
¥
72.16
-0.12
6.56
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыстан көшушілер көп

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері үш айдың ішінде 600-ден астам адам көшіп кеткен

2019 жылдың наурызындағы статистикаға қарағанда, аймақта 1 млн 378 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Оның ішінде 850 мыңға жуығы қалада қоныстанған болса, 530 мыңға жуығы - ауыл тұрғындары.

- 2019 жылдың қаңтарынан бастап наурыз айына дейін аймақтағы халық саны 640 адамға қысқарды. Ал қала халқы 0,1% көбейсе, ауыл халқы 0,1% азайды, - дейді ШҚО Статистика департаментінің басшысы Әлібек Мақажанов.

Жалпы, шығыс халқының саны жыл сайын азайып барады. Мәселен, 2017 жылдан 2018 жылға дейін 6 мыңнан астам адам көшіп кеткен болса, былтырдан бері бір жылдың ішінде 5 мыңнан астам адам шетке кеткен.

Следующая →
Только самое важное в нашем Telegram-канале
Темы: ШҚО Миграция Статистика