Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өндіріс орнындағы жазатайым оқиғалар саны азайған

Шығыс өңірінде өндірісте жүріп көз жұмған жандардың саны азайған. Алайда республика бойынша бәрібір алдынғы орында тұр

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елде еңбек етіп жатқан азаматтардың әрбір төртіншісі қауіпті орындарда жұмыс істейді екен. Жыл сайын кәсіпорындарда, орта есеппен, екі мыңнан аса жазатайым оқиға орын алады, оның жүзі қайғылы жағдаймен аяқталады, ал мыңнан астам адам мүгедек болып қалуда.

Ал Шығыс Қазақстанда, орта есеппен, өндірісте жұмыс істейтін 137 мың адамның 37 мыңнан астамы аса қауіпті орындарда еңбек етуде. Өткен жылы өңір кәсіпорындарында екі жүзге тарта тарта жазатайым оқиға болып, 19 адам көз жұмған. Өндірісте жарақат алғандар көп болса да, жылдағыдай емес, азайып келетін көрінеді.

- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мақсатында жыл сайын кешенді шаралар қолға алынуда. Осының нәтижесінде өндірістік жарақат көрсеткіші біршама төмендеді, - дейді ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Қайрат Әбілқайыров.

Ал осы жылдың басынан бері қырыққа жуық жазатайым оқиға болып, 44 адам зардап шеккен. Оның алтауы көз жұмды, жиырма қызметкер ауыр жарақат алған.

- Өндірістік жарақат көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға дейін азайған. Жазатайым оқиғалардың көбі жұмыс берушінің кесірінен болады. Жұмыс орындарының техникалық талаптарын дұрыс ұйымдастырмау, ғимараттар мен жұмыс жабдықтарын жөндемеу басты себеп болып отыр. Кейде бұған жұмысшылардың жетіспеуі де себеп. Одан бөлек, жұмысшының да кінәсі жетерлік. Өрескел кемшіліктер жібереді. Мәселен, былтыр 56 жұмысшы өз қателігінен жазатайым болды, - дейді Қайрат Қадырманапұлы.

Жұмысшылар мен қызметкерлер, көбінесе, жұмыс орнында жүріп құлап не үстіне бір нәрсенің құлап түсуінен жарақат алады. Жарылыс пен жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтардан жарақат алатындар да көп.

Тау-кен, металлургия өндірісі мен құрылыс саласында, бюджеттік салада жұмыс істейтіндер көп зардап шегеді екен.

Мамандардың айтуынша, ірі кәсіпорындар еңбек қауіпсіздігіне жіті көңіл бөлгенімен, орта және шағын кәсіпорындар еңбек шарттарына көңіл бөлмей отыр.

- Бәрі қағаз күйінде қалып отыр. Жұмыскерлер құжатқа қол қойып қана жұмыс істеп жүр. Техникалар мен құрал-жабдықтар тозған, ал олардың техникалық жағдайын ешкім қадағалап отырмайды, - дейді ШҚО Құрылыс кәсіподақ басшысы Юрий Потапчук.

Оның үстіне, кейбір мекеме мен кәсіпорындарда жұмысшылардың құқығы мен мүддесін қорғайтын кәсіподақ ұйымдары жоқ. Бар болғанның өзінде де оған кәсіпорын қызметкерлері мүшелікке еніп алады.

- Кәсіподақтың шығындарына кететін қаржыны да кәсіпорын мен мекеменің өзі бөледі. Ал артық шығыннан қашқан мекеме басшылығы мұндай ұйымды құрғысы да келмейді. Заңда жұмыс беруші өндірістік кеңес құру керек деген талап жоқ, - дейді Юрий Потапчук.

Ал кәсіпкерлердің мүддесін қорғаушы топтардың айтуынша, жазатайым оқиғаны азайтуға кәсіпкерлер де мүдделі.

Қалай десек те, шығыс өңірі өндірісте жүріп жарақат алғандар жағынан елде екінші орындағы аймақ болып отыр. Ал бірінші орында Қарағанды облысы тұр.

Следующая →