Усть-Каменогорск
пасмурно
-6°
  • Усть-Каменогорск
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -11°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -10°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазағымның үлгі-өнегеге бай дәстүрлері-ай...

Өскемен қаласы Ұлттық мейрам Наурызды айдың 20-сынан бастап-ақ тойлап кетті. Орталық алаңға киіз үй құрылып, мерекенің шымылдығы ашылды

20 наурыз "Дәстүр күні" деп аталып, бұл күні қазақтың ата-бабадан қалған ұлттық салт-дәстүрлері көрсетілді. "Атамұра" фольклорлық ансамблі мен "Қазына" әжелер ансамблі ұлттық дәстүрден үзінділер көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді.

Сахнаға көтерілген әжейлер мерекені алдымен аластау салтынан бастады. Аластау - адамдарды бәле-жаладан, көз тиюден сақтайды деген нанымнан шыққан дәстүр. Десе де, ата-бабаларымыз бөлмені алдыраспанмен, аршамен аластау арқылы ауаны тазалайтын, микробтар мен вирустарды өлтіретін болған.

Жаз періште - әз кепті,

Әзден үркіп қар кетті.

Ақ қар, көк мұз жұтатқан

Наурыз келіп, жаз кірді.

Жан біткенге наз кірді, - деп аластады әжейлер.

Сахнаны аластағаннан кейін "Қазына" әжелер ансамблі ортаға шығып, "Қыз ұзату", "Келін түсіру", "Сапарға аттандыру", "Шашу шашу", "Бүркіт ұстау", "Бата беру", "Тұсау кесу" сынды салт-дәстүрлерді көрсетті.

- Бала күнімізде апа-әжелеріміздің салт-дәстүрлерді қалай орындағаны әлі көз алдымызда. Күнделікті өмірдің өзі салт-дәстүрі, ата-баба өнегесі болатын. Өткен ғасырдың адамы әрі дәстүрді ұстанған ұрпақтың өкілі ретінде ұлттық өнегемізді ұлықтау керек деп ойлаймыз. Қазақта салт-дәстүр көп, алайда өзіміз бала кезімізде көзбен көрген дәстүрлерімізді көрсетуге тырыстық. Әр үйде қуаныш пен шаттық, несібе мен береке болсын деп жанұя құру, қыз ұзату, жігітті үйлендіру, баланың тұсауын кесу сынды дәстүрлерімізді көрсетуге мән бердік, - дейді "Қазына" әжелер ансамблінің жетекшісі Нұржамал Абдуллина.

Нұржамал апаның айтуынша, наурыз мерекесіне деген өзге ұлттардың қызығушылығы жыл сайын артып келеді.

- Биыл қазақтың шапаны мен камзолын киген басқа ұлттың ұл-қыздары мен ата-әжелері көбейді. Бәрі шетінен ұлттық киімнің әдемі, киюге ыңғайлы екенін айтып мәз болуда, - дейді Нұржамал әже.

Ал Наурыз мерекесіне арнайы Үржардан келген аты танымал бүркітші Тәттімбет Кәпұлы жастарға бүркіт баптаудың қыр-сырын үйретуге келгенін айтады.

- Күміс құйрықты қыранның тілін тауып, қолына қондырған әлемде бір-ақ ел бар: ол - қазақ. Сондықтан асыл өнерімізді жастарға үйретудің маңызы зор, - дейді чемпион бүркітші.

Бүркіт баптау сынды тұсау кесу де тек қазақтың салтына тән дәстүр. Халқына сыйлы, Күршім және Тарбағатай аудандарының құрметті азамат атанған Сайлаухан Аухадиев атамыз "Аналар үйінде" тәрбиеленіп жатқан бір жасар бүлдіршіннің тұсауын кесіп, "елге еңбегі сіңген азамат бол" деп бата берді.

Следующая →